Тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті
Петропавл қаласында тоғызқұмалақтан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының командалық чемпионаты өтті.
Жарыс нәтижесінде, жерлестеріміз облыс құрама команда мүшесі ретінде бақ сынады. Яғни, №11 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар жасөспірімдер мектебінің спортшылары жоғары жетістікке қол жеткізді.

Сырдариялық спортшылар жасөспірім қыздар арасында командалық есепте І орын алды. Олардың қатарында Әмина Мектепхан, Низара Әубәкірова, Анель Тоқшылық, Еркежан Әбдімұратова бар.
Ал жастар санатындағы ұлдар арасында командалық есепте ІІ орын алған Нұржан Ақылбек жеңіс тұғырынан көрінді.
Жаттықтырушы – Білімжан Елеусін.
Өз кезегінде аудан спортшыларын шын жүректен құттықтаймыз!