Тоғызқұмалақтан жерлестеріміз жүлдемен оралды
Көкшетау қаласында тоғызқұмалақтан ерлер арасындағы Қазақстан Республикасының командалық чемпионаты болып өтті.
Жарыс нәтижесінде классика түрінен облыс құрама командасы 2 орынды жеңіп алды. Облыс құрама командасының мүшелері жерлестерінің Ерасыл Пернебаев және Нұржан Ақылбек.
Айта кетейік, Ерасыл Пернебаев спорт шебері нормативін орындады. Жаттықтырушысы Білімжан Елеусін.
Жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!