Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жеңіліп көрмеген боксшы: "Қазақ патшасы" WBO Glob титулын еншіледі

Жеңіліп көрмеген боксшы: "Қазақ патшасы" WBO Glob титулын еншіледі

Қазақстандық кәсіби боксшы Сұлтан Заурбек Брайтонда өткен бокс кешінде аргентиналық Серхио Мартин Сосаны техникалық нокаутпен ұтты.

"Қазақ патшасы" деген лақап атпен танымал қазақстандық боксшы қарсыласын алтыншы раундта техникалық нокаутқа түсірді, оған дейін аргентиналық боксшы екі рет нокдаун алды.

Осылайша, Сұлтан Заурбек кәсіпқой мансабындағы он алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Ал Серхио Мартин Соса төртінші рет жеңілді. Бәске екінші жартылай салмақ дәрежесіндегі WBO Glob белбеуі тігілген болатын.

Бұған дейін Зәуірбек WBO "еуропалық" және WBC жастар белбеуін жеңіп алған болатын.

"Қазақ патшасы" Сұлтан Заурбектің техникалық нокауттағы тамаша жеңісі. Ол екінші жартылай салмақ дәрежесіндегі WBO Glob нұсқасы бойынша чемпион атанды", деп жазды Wasserman Boxing Instagram-дағы парақшасында.

Бүгінгі таңда Заурбек WBA рейтингісінде алтыншы, ал IBF-те 14-орында тұр.

12 қараша 2023 ж. 226 0