Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Антикор еріктілері спортшылар арасында парасаттылық принциптерін дамытуда

Антикор еріктілері спортшылар арасында парасаттылық принциптерін дамытуда

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында бірқатар Антикор еріктілері велосипед спорты бойынша халықаралық турнирді ұйымдастыруға қатысты.

«Велосипед спорты федерациясы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен облыстық мәдениет және спорт басқармасының қолдауымен 11-14 қазан аралығында Қызылордада ерлер мен әйелдер арасында тас жолда велосипед спортынан халықаралық турнир өтті.

Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ге жуық спортшы қатысты.Турнирде көрші елдердің спортшылары да бақ сынасты.  Олардың барлығы өздерінің ең жақсы қабілеттерін көрсетті және көрермендерді керемет жекпе-жектермен қуантты.

«Біз сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға өз үлесімізді қосу мақсатында еріктілер ретінде тартылдық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп, барлық санаттағы азаматтар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жүргіземіз. Бүгін спорттық іс-шара арқылы біз барлық жас азаматтарды барлық жағынан үздік, бәсекеге қабілетті және әдепті болуға шақырамыз», - деп атап өтті жоба волонтері Мөлдір Бекетова.

Осы алаңды пайдалана отырып, жоба еріктілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша арнайы дайындалған жадынамалар таратып, халыққа түсіндіру іс-шараларын жүргізді.
18 қазан 2023 ж. 223 0