Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Шахматтан Азия чемпионы

Шахматтан Азия чемпионы

Қырғызстан Республикасы Ыстық көлде шахматтан Азия чемпионаты өтті.

Жарыс нәтижесінде жерлесіміз, жас талантты шахматшы, қазақстан құрама командасының мүшесі Абылай Сабина 8 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында классика түрінен командалық есепте 1 орын , жекелей түрінен 2 орын, рапид түрінен 1 орын және командалық есепте Қазақстан құрама командасы 1 орынды жеңіп алды.

Айта кетейік, Греция елінде өтетін әлем чемпионатына Абылай Сабина жолдаманы жеңіп алды. 
Жаттықтырушысы Маханбетов Үсен.

Жеңісімен құттықтай отырып, сәттілік тілейміз!
10 шілде 2023 ж. 235 0