Хоккей: Қазақстан Словакиямен ойнайды
Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты енді қызды, деп хабарлайды Хабар 24.Б тобында бәсекелестік жоғары. Чехия Словениямен айдынға шығып, тарысты өткен матчта жеңісті жұлып алды. Словения хоккейшілері ойынды жақсы бастаған. Алғашқы 20 минутта 2 шайба соғып алға шыққан. Алайда үзілістен кейін чехтар басымдықты өз қолдарына алды. Айналасы 7 минутта Словения қақпасынан 3 мәрте саңлау тауып, ойын тағдырын өзгертіп жіберді. Айдындағы басымдықты беріп қойған Словения ойыншылары сынып қалды. Чехия қатарынан 6 шайба соғып, матчқа нүкте қойды. Қорытынды есеп: 6:2. Чехияның Словенияны жеңгені Қазақстанға жақсы болды. Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері турнир кестесінде орнын сақтап қалды.
Қазір біздің жігіттер 7-ші орында тұр. Бүгін Қазақстан әлем чемпионатындағы кезекті шешуші ойынын өткізеді. Қарсылас – Словакия құрамасы. Матч Астана уақытымен түнгі 23:30-да басталады.









