Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 1 газет

06 қаңтар 2026 ж.

№ 100 газет

31 желтоқсан 2025 ж.

№ 99 газет

27 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Әлем чемпионатының ширек финалында қазақстандықтар кімдермен жұдырықтасады

Әлем чемпионатының ширек финалында қазақстандықтар кімдермен жұдырықтасады

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына Қазақстан құрамасынан жеті боксшы шықты. Бұл жөнінен ел құрамасы төртінші орында тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елорда уақытымен сағат 15:00- де басталатын күндізгі сессияда А рингі үшінші жұпта Серик Теміржанов (57 келі) кубалық Сайдел Ортамен шықса, сегізінші жұпта Асланбек Шымбергенов (71 келі) француз Макан Траоремен қолғап түйістірсе, Б рингінде оныншы жұпта Нұрбек Оралбай (80 келі) иорданиялық Хуссейн Эйшаиш Ишайшпен кездеседі.

Ал, сағат 19:00- де басталатын кешкі сессияда Б рингінде алғашқы жекпе-жек Санжар Ташкенбай (48 келі) мен жапониялық Кадзума Аратаке арасында өткізілсе, А ригінде үшінші жұпта Махмуд Сабырхан (54 келі) ганалық Мохаммедо Амадумен, А рингінде сегізінші жұпта Дулат Бекбауов (67 келі) мексикалық Мигел Анхел Мартинеспен шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, Б рингіндегі он төртінші жұбында Қамшыбек Қоңқабаев (92 келі) өзбекстандық Баходир Джалоловпен сайысқа түседі.
10 мамыр 2023 ж. 313 0