Ауыр атлетикадан облыс біріншілігі
Қызылорда қаласында ауыр атлетикадан балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің 2007-2008 жылы туған қыздар арасында облыс біріншілігі өтті.
Жалпы, аудан спортшылары байрақты бәсекелерде табысты өнер көрсетіп келеді. Аталған жарыста сырдариялық өрендер ерекше бабында екендіктерін байқатты. Шындығында, соңғы 5-6 жылда ауданда ауыр атлетика спорты жақсы жолға қойылды. Болашақта халықаралық жарыстардың жеңімпаздары көптеп шықпақ. Аудан жұртшылығы жас спортшыларымен мақтанады.
Жарыс нәтижесі бойынша жерлестеріміз:
Рахметова Раяна 40 кг 3-орын,
Ерлан Айымжан 45 кг 3-орын,
Берикбол Еркеназ 49 кг 3-орын,
Мураткызы Перизат 55 кг 3-орын,
Бексаинова Гүлім +71 кг 2-орынды жеңіп алды.
Командалық есепте Сырдария ауданы 3 орынды иеленді. Талантты спортшылардың жаттықтырушысы – Алмас Нәрікбаев.
– Біз күнделікті жаттығуды тоқтатпаймыз. Спортшыларымның аяқалысын жоғары бағалаймын. Әліталай биік белестерді бағындыра бермек. Бүгінгі жарыс бойынша жақсы көрсеткішке қол жеткізудеміз. Балалар арасында болашағынан зор үміт күттіретін жастар баршылық, – дейді Алмас Нәрікбаев.
Бұл ретте, сырдариялық жүлдегер спортшыларды шын жүректен құттықтаймыз!