Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүкіләлемдік ойындарда қазақстандық Галина Дуванова «күміс» алды

Бүкіләлемдік ойындарда қазақстандық Галина Дуванова «күміс» алды

2022 жылғы Бүкіләлемдік ойындарында қазақстандық Галина Дуванова джиу-джитсуден күміс медаль алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол финалға дейін жетіп, онда испаниялық спортшыға есе жіберіп қойды. Нәтижесінде күміс жүлдені қанағат тұтты.

Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандық каратэ-до шебері Софья Берульцева Бүкіләлемдік ойындарда 68 келіде финалда испаниялық Мария Торрес Гарсиядан басым түсіп, чемпиондық атаққа қол жеткізген болатын.

Екі медаль алған Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 35 орында келеді. Көш басында Германия, Италия, АҚШ құрамалары тұр.

Ел құрамасы сапында 16 қазақстандық кикбоксинг, садақ ату, муай-тай, джиу-джитсу, спорттық акробатика, брейкинг, каратэ-до секілді спорттың сегіз түрінен жүлдеге таласады.
Әлемнің 110 елінен келген 3500-ден астам атлет 34 спорт түрінен 223 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Бүкіләлем ойындар 17 шілдеде мәресіне жетеді.
17 шілде 2022 ж. 275 0