Гимнастшылар жеңісі
Атырауда көркем гимнастикадан өткен ашық чемпионатта жерлестеріміз жақсы өнер көрсетіп, 4 алтын медальді иеленді.
Атап айтсақ, Аяла Нұрсұлтан (2012 ж.), Кәусар Сейілбек (2011 ж.), Медина Нұрғалиева және Айжан Әжібековалар (екеуі де 2007 ж.)1-орындарды жеңіп алды.
Сондай-ақ, Шымкент қаласында ұйымдастырылған Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кубогы жолындағы жарыста Зере Әбдіқабыл (2010 ж.) жеңімпаз атанса, 2008-2009 жылдары туылғандар арасында топтық жарыста қыздарымыз күміс жүлдені иеленді. Олар: Ақерке Шілдебаева, Зерде Салават, Медина Ибрагим, Қарақат Қасым және Әсел Машрап команданың алға шығуына өз үлестерін қосты.
Қыздарды жарысқа көркем гимнастикадан облыстың аға жаттықтырушысы Гүлмира Абсұлтан дайындады.
Айта кетейік, 15-17 желтоқсан күндері Қызылорда қаласы «Мұз айдыны» спорт кешенінің гимнастика залында ҚР Тәуелсіздігі күніне орай көркем гимнастикадан облыстық ашық чемпионат өткізіледі.