Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

№ 73 газет

27 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Қазақстандық теннисші қыздар әлемдік рейтингте тұңғыш рет алғашқы ондыққа енді

Қазақстандық теннисші қыздар әлемдік рейтингте тұңғыш рет алғашқы ондыққа енді

Ұлттық құрама алдыңғы ондықта, деп хабарлайды «Хабар 24».

 Әйелдер арасындағы командалық Билли Джин Кинг кубогінің ойындары сарапталып, жаңартылған әлемдік рейтинг жарияланды. Бұл тізімде қазақстандық қыздар 704 ұпаймен тоғызыншы тұр.

Айта кету керек, бұл – отандық теннис тарихындағы ең жоғарғы көрсеткіш. Бұған дейін тәуір деген нәтиже 16-саты болды. Жаңа рейтингте жерлестеріміз Ресей, Германия, Италия, Румыния, Бельгия және Польша сияқты құрамалардың да алдына шыққан.

Айта кетейік, бір ай бұрын ел намысын қорғайтын спортшылар Билли Джин Кинг кубогінің финалына шықты. Іріктеу сыны елордада өтті. Оның аясында Зарина Дияс, Юлия Путинцева, Елена Рыбакина бастаған бұрымдылар Германия командасынан басым түсті. Қорытынды есеп: 3:1. Әлемдік рейтингтің көш басында Аргентина тұр. Үздік үштікті Франция мен Испания түйіндеді және екеуінің ұпай көрсеткіші шамалас.

02 маусым 2022 ж. 333 0