Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Әлем чемпионатында алтыннан алқа таққандар

Әлем чемпионатында алтыннан алқа таққандар

Түркияның Стамбұл қаласында 4-7 қараша аралығында каратэ-додан Әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері бақ сынап, жеңіс тұғырынан көрінді.

Атап айтсақ, Алишершарип Қонысбек 60 кг салмақта,  Дамир Камал 67кг салмақта,  Бақдаулет Кубаш  76 кг салмақта, Асемгүл Ердәулет 50 кг салмақ дәрежесінде қарсыластарынан оза шауып, Әлем чемпионатында алтын медаль иеленді. Спортшыларды  тартысты додаға дайындауда, олардың жүлделі орыннан көрінуіне жаттықтырушы Н.Тойшыбаевтың еңбегі зор. 

Бүгінде университетте Әлем чемпионатының 9 жеңімпазы  мен жүлдегері, 27 Азия чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегері және 120 Қазақстан чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегері бар. Спортшыларымыз Қазақстан Республикасының намысын қорғап, ұлттық құрама команда сапасында жаттығады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда
университетінің медиа орталығы

12 қараша 2021 ж. 771 0