Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№78 газет

14 қазан 2025 ж.

№77 газет

11 қазан 2025 ж.

№ 76 газет

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Сырдариялық тоғызқұмалақшы жүлдегер атанды

Сырдариялық тоғызқұмалақшы жүлдегер атанды

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай тоғызқұмалақтан Қызылорда облысының ашық онлайн біріншілігі аяқталды, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz

Жарыс www.playok.com сайтының тоғызқұмалақ алаңында швейцар жүйесімен 11 турда өтті. Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен 144 спортшы қатысты.

Нәтижесінде ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы, батысқазақстандық Жарасхан Сағынбаев бірінші орынды жеңіп алды. Спорт шебері, Азия чемпионы, қызылордалық Дамир Ахметов – күміс жүлдені иеленді.

Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, тұңғыш Әлем чемпионы, шымкенттік Ғалымжан Темірбаев пен спорт шебері, Азия чемпионатының жүлдегері, қарағандылық Асылхан Қожанәсіп – қола жүлделерді еншіледі.

Жеңімпаз бен жүлдегерлер облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының диплом, медаль, естелік сыйлықтарымен марапатталды.
15 ақпан 2021 ж. 501 0