Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой боксқа ауысты

Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой боксқа ауысты

Бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, қызылордалық Қамшыбек Қоңқабаев өзін кәсіпқой бокста сынауға бел буды,– деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

«Қазақстан әуесқой бокс федерациясы мен бокстан Қазақстан Ұлттық құрама командасының бас бапкері Кенжебаев Ғалымбек Қалиұлының қолдауымен мен өзімді кәсіпқой бокста сынауға шешім қабылдадым»,- дейді боксшы.

MTK Global компаниясы Қамшыбек Қоңқабаевқа Токиода болатын Олимпиада ойындарына дейін кәсіпқой бокста бірнеше жекпе-жек өткізуіне мүмкіндік беріп отыр. Боксшының бұл шешімімнің басты мақсаты – Олимпиада ойындарына дейін тәжірибе жинақтап, кәсіпқой бокстан әуесқой боскқа керек дүниені үйреніп, мықтылық таныту, Олимпиада шыңын бағындыру.

«Елдің үмітін, бүгінгі күнге дейін Олимпиада ойындарына дайындап келе жатқан бапкерлердің маған қойған үмітін ақтау. Додалы жарысқа дейін бірнеше жекпе-жек өткізіп тәжірибе жинақтауыма, бұл шешім оң нәтижесін беретініне сенімдімін. Ұлттық құраманың капитаны ретінде, барша команданың атынан, бізге қолдау білдіріп, бізбен бірге болғандарыңызға алғыс айтамын»,- дейді Қамшыбек Қоңқабаев.
06 тамыз 2020 ж. 540 0