Спорттық аяқ киім таңдауға 10 кеңес
Баскетболға арналған аяқ киім баскетбол ойнауға арналған. Теннистегі туфли теннис ойнауға арналған. Кроссовкалар жүгіруге арналса, серуенге арналған кроссовканы серуенге шыққанда ғана кию керек. Бұл тігін шеберханасының сізді көп шығынға батыру үшін жасаған қулығы емес. Әр спорт түріне арналған, шынында да, арнайы өз аяқ киімі болуы қажет.
Өндірушілер спорттық аяқ киімді спортсменнің іс-әрекетін жеңілдететін, оған көмек болатындай барынша пайдалы етіп жасауға тырысады.
Аяқ киімнің қандай спорт түрімен айналысуға арналғанына байланысты таңдалғаны маңызды.
Егер сіз 2-3 спорт түрімен айналыссаңыз, онда бір «әмбебап» кроссовкадан гөрі олардың әрқайсысы үшін 2-3 жұп аяқ киім болғаны дұрыс.
2. Аяқ киіміңізді уақытында ауыстырыңыз
Өзіңізге кесірі тиетін ең нашар істің бірі — ескі спорттық аяқ киімді киіп жүре беру. Аяқ-киім сіздің аяғыңыз бен тобығыңызды қорғауға арналған. Бірақ ішкі амортизациялау қабаты сынған кезде, сіздің барлық денеңіз осының салдарынан зардап шегеді.
Спорттық медицинаға маманданған америкалық Podiatric академиясы аяқ киім ауыстырудың қажеттігін білу үшін келесі кеңестерді ұсынады:
— Шамамен 450-ден 600 километрге дейін жүгіру немесе жаяу жүру;
— 45 сағаттан 60 сағатқа дейін баскетбол, аэробтық би, теннис немесе басқа да қозғалатын спорт түрлерімен шұғылданғаннан кейін;
— Аяқ киім табаны тозған болса, тегіс жерге қойғанда тегіс емес екені көрінеді;
— Кроссовкаларды үнемі кимесеңіз де олар бір жылдан кейін тоза бастауы мүмкін.
— Егер сіз өте белсенді болсаңыз, аяқ киімді әр екі ай сайын ауыстыруға тура келеді. Бұл қымбат болуы мүмкін. Бірақ бұл бұдан кейінгі медициналық қызмет көрсету шығындарын үнемдеуге мүмкіндік берсе, онда бұл бағасына тұрарлық.
3. Бюджетіңізді анықтаңыз
Спорттық аяқ киім $ 20-дан $ 200-ға дейін тұрады. Кез келген пайдаланушы ең соңғы көргісі келетін нәрсе — сатып алмас бұрын рәсімделетін көп көлемдегі ақша.
Ең бастысы, көптеген зерттеу орташа есеппен 80-100 доллар тұратын аяқ киімнің өте қымбат сериялық аяқ киімнен ешқандай айырмашылығы жоқ екенін анықтаған.
4. Кеңесіңіз
Егер сіз әрқашан 35-размердегі аяқ киім киіп келген болсаңыз және ол сізге әрдайым шақ болған болса да таңдау алдында сатушымен кеңесіңіз. Мұнда тек аяқ өлшемі ғана емес, аяқтың биіктігі, қажетті қолдау деңгейі — бәрі маңызды.
Жақсы дүкендер сізге аяғыңызды ауыртпайтын және тез шаршатпайтын аяқ киім таңдауға көмектесетін кәсіби кеңесшілерге ақша аямайды.
5. Брендке сүйеніп сауда жасамауға тырысыңыз
Nike кроссовкаларын әлемдегі кез келген басқа спорттық аяқ киім маркаларынан көбірек ұнататыныңызға қарамастан, егер олар сіздің аяғыңызға, жүргеніңізге, сіз айналысатын спорт түріне арналған аяқ-киім ұсына алмаса, бренд болғаны үшін ол маңызды болмауы тиіс. Аяқ киім таңдағанда міндетті түрде бірнеше марканы киіп көріңіз. Аяғыңызға қонымды, сондай-ақ ұнатқан аяқ киіміңіз бұрын ешқашан аяқ киімін киіп көрмеген брендтен болса, таң қалмаңыз.
6. Аяқ киім алу үшін дүкенге кешқұрым барыңыз
Кешке қарай сіздің аяқтарыңыз ісінеді. Осы уақытта дүкенге келіп, аяқ киім өлшегенде сіздің аяғыңыз барынша үлкен болып тұрғанын түсінесіз. Аяғыңызға кіші аяқ киім алғанша кішкене үлкен аяқ киім алған дұрыс. Себебі жаттығу кезінде мұндай аяқ киім аяқты қысуы мүмкін. Сондықтан онымен жаттығу ыңғайсыздық тудырады.
7. Жаттығу кезінде киетін шұлығыңызды киіп барыңыз
Кроссовка алу үшін дүкенге барған кезде міндетті түрде жаттығу кезінде киетін шұлығыңызды киіп барыңыз. Ол сізге жағымсыз мәселелердің алдын алуға көмектеседі. Мысалы, шұлық қысқа болған жағдайда кроссовканың арты аяғыңызды қажауы мүмкін. Тығыз тұратын шұлық киген жағдайда табан жаққа ауа бармай, аяғыңыз қатты терлеуі мүмкін.
8. «Үлкен саусақтың ережесін» пайдаланыңыз
Егер сіз өмірде бір рет болсын кіші размердегі аяқ киім киіп көрген болсаңыз, мұның қаншалықты аяқты ауыртатынын және жағымсыз екенін білесіз. Сондықтан әрқашан аяқ киімді таңдау және сатып алу кезінде бас бармақтың алдында кішкене бос орын қалғанынын қадағалаңыз. Бұл орын саусақты еркін және кедергісіз қимылдата алатындай болуы керек.
9. Сатып алу күні етіп, бірнеше аяқ киімді киіп көре алатындай, демалыс күнді таңдаңыз
Сатып алу туралы шешім қабылдамас бұрын, ең жоқ дегенде 8 түрлі жұп кроссовкаларды өлшеуге тырысыңыз. Аяқ өлшемдері стандартты емес адамдарға әдетте 2-3 жұп аяқ киім табудың өзі қиын, сондықтан бірнеше дүкенге бару маңызды.
Әсіресе, ескі аяқ киімнің қатты тозғанын күткен болсаңыз. Түрлі маркалардың бірнеше түрін киіп көріп, өзіңіз үшін ыңғайлысын таңдай аласыз. Аяғыңызда әр аяқ киімнің қалай тұрғанын ұмытып қалмас үшін суретке түсіріп алыңыз.
10. Дүкеннен қайтарым мен кепілдік туралы мәлімет алыңыз
Жаңа кроссовкалармен үйге бармас бұрын дүкеннің тауарды қайтару саясаты туралы сұрап біліңіз. Кейбір интернет-дүкендер сатып алушыларға аяқ киімді, киіліп қойған күннің өзінде, қайтару үшін 30 күн уақыт береді. Дүкенде шап-шақ болған аяқ киімнің үйге келгенде ыңғайлы емес екенін білу ыңғайсыздық тудырады.
Қорытынды
Сән дұрыс спорттық аяқ киім таңдауда негізгі фактор болмауы керек. Сонда да мұның маңызды екенін мойындау да ұят емес. Егер сіз белгілі бір түс гаммасында жұп аяқ киім сатып алуға шешім қабылдасаңыз, бағасы қол жетімді болып әрі сізге ұнаған болса, сіздің қалауыңызға толық сәйкес келсе, оны алудан қорқудың қажеті жоқ. Кейде интернет-дүкендерде сіз таңдаған тауар болмауы мүмкін, бірақ олар оған тапсырыс беріп, тегін жеткізе алады.