Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар


Есте болса өткен аптаның сейсенбісінде 6 жыл бойы еліміздің қаржы министрі болған Бақыт Сұлтанов елордамыздың әкімі қызметіне тағайындалған болатын. Осыдан кейін бірнеше күн бос тұрған бұл орынға ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынып, оны қараған Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитеті келісім берген еді.

Осы аптада ҚР Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, Мемлекет басшысының тағы бір көмекшісі қызметтеріне кіріскен болатын. ҚазАқпарат апта ішінде орын алған осы және өзге де тағайындауларға шолу жасайды. Сонымен Ғабит Байжанов ҚР Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды. 

Ғабит Байжанов 1963 жылы туған. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Барлау» қызметі директорының орынбасары (2007 жыл); «Сырбар» сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары (2009-24.02.2015); ҚР «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры (24.02.2015 жылдан бастап, 04.05.2015 жылы қайта тағайындалды) болып еңбек еткен. Соңғы лауазымы - ҚР «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры. ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған. Генерал-майор (05.05.2010), сыртқы барлаудың генерал-лейтенанты (03.05.2018) шендеріне ие.

 Ал Президенттің көмекшісі болып тағайындалған Тимур Жақсылықов 1968 жылы туған. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тарихшы мамандығы бойынша; Саяси зерттеулер институтының (Страсбург қаласы, Франция) магистратурасын еуропалық зерттеулер саласындағы магистр мамандығы бойынша; Қазақ экономика және қаржы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы Семей бизнес және кәсіпкерлік институтының атқарушы директоры болып бастады.1997 жылдан - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің бас маманы, бөлім бастығы. 1998 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің Талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының сектор меңгерушісі. 1999 жылдан - ҚР Қауіпсіздік кеңесінің Талдау орталығының сектор меңгерушісі. 2002 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің Жүйелі зерттеулер орталығы басшысының орынбасары. 2003 жылдан - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі департаментінің директоры. 2004 жылдан - Женевадағы Дүниежүзілік сауда ұйымының мәселелері жөніндегі ҚР Индустрия және сауда министрлігі өкілдер тобының басшысы. 2005-2006 жылдары -«Маркетингтік-сараптамалық зерттеулер орталығы» АҚ (Алматы қ.) басқарушы директоры. 2006 жылдан - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» РМК бас директоры. 2007 жылдан - «Астананы тұрақты дамыту орталығы» ЖШС директоры, Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті директорының міндетін атқарушы, директоры. 2008 жылдан бері - Астана қаласы әкімінің экономика және қаржы мәселелері бойынша орынбасары. 2009-2010 жылдары ҚР Индустрия және сауда вице-министрі. 2010-2012 - ҚР Экономикалық даму және сауда вице-министрі. 2014 жылдың 13 тамызынан ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары. 2017 жылдың 14 сәуірінен Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі болған. Мұнан бөлек, Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары Исатай Бақтиярұлы Сартаевқа Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директоры міндетін уақытша атқару жүктелді. 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Өкімімен Жанат Қуандықұлы Шаймерденов Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары болып тағайындалды. Қаржы министрі қызметіне тағайындалған Әлихан Асханұлы Смаилов 1972 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін қолданбалы математика мамандығы бойынша бітірген. 1996 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтын тамамдап, мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған. 1993-1995 жылдары - «А-Инвест» инвестициялық-жекешелендіру қорының бас маманы. 1996-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика агенттігінің басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы. 1998 жылғы наурыз бен сәуір аралығында - Қазақстан Республикасы Статистикалық жоспарлау және реформалар агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары. 1998-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде бас сарапшы, сектор меңгерушісі, мемлекеттік инспектор. 1999-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Статиститка агенттігінің төрағасы. 2003 жылғы ақпан мен шілде аралығында - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі. 2003-2006 жылдары - «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы. 2006-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі. 2007-2008 жылдары - «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ президенті. 2008-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі. 2009-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы. 2014-2015 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің төрағасы. 2015 жылғы желтоқсанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды. «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» медальдарымен марапатталған. «1 рангты кеңесші» дипломатиялық рангы бар. Бауыржан Қарағызұлы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды. Ол 1982 жылы 17 қазанда дүниеге келген. Қазақтың талантты ақыны, көптеген халықаралық, республикалық, әдеби конкурстардың жеңімпазы. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың және ЮНЕСКО-ның қолдауымен өткен Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің екі мәрте лауреаты және Гран-При жүлдесінің иегері. «Әлемге әйгілі Астана» атты жыр мүшәйрасының Гран-При иегері. Сейдолла Бәйтереков атындағы арнайы сыйлықты иеленген. ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында өткен «Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған» атты І республикалық Мағжан өнер фестивалінің лауреаты. «Табысты қазақстандық - 2012» Ақмола облыстық жастар байқауында «Жас дарын» сыйлығының иегері. Ақын-импровизатор Иманжүсіп Құтпанұлының 150 жыл толуына орай өткен әдеби байқаудың жеңімпазы. 2014 жылғы Қазақстан Республикасы мемлекеттік стипендиясының иегері. «Жұмбақтасқа жауған күз», «Өң.Мен.Түс.», «Жүрек кітабы», «Топырақ демі» атты жыр-кітаптарының авторы. Республикалық «Алаш үні» газетінде тілші, елордалық «Астана» журналында тілшілер қосынының жетекшісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары; Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасында «Кітап патшалығы» журналы бас редакторының орынбасары; Көкшетау қаласындағы «Ақпараттық кітапхана жүйесі» Мемлекеттік мекемесінде директор; «Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталының» жетекшісі; «Мәдениет порталының» бас директоры; Қазақстан Жазушылар одағы Астана қаласы филиалының директоры, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанынан құрылған Жас ақын-жазушылар кеңесінің хатшысы қызметтерін атқарған. 

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің өкімімен Еркебұлан Баяхметов Степногорск қаласының әкімі лауазымына тағайындалды. Еркебұлан Еркешұлы Баяхметов, 1972 жылы бұрынғы Көкшетау облысының Айыртау ауданында туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік университеті және РФ Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет және халық шаруашылығы академиясын бітірген. Білімі жоғары. Еңбек жолын Қарағанда қаласындағы «ДОС Корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Халықаралық Қазақстан агроөнеркәсіптік биржасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еншліес кәсіпорны, «Кең-Дала» биржасында заңгер болып бастаған. 1995-2004 жылдары аралығында Петропавл қаласында түрлі жауапты қызметтерді атқарған. 2004-2009 жылдары аралығында Астана қаласындағы ҚР Қаржы министрлігінде дәрменсіз борышкерлермен жұмыс бойынша Комитет төрағасының орынбасары, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің өңірлік даму бөлімінде аға инспектор, «Қазтеміртранс» АҚ филиалы директорының орынбасары лауазымдарында болды. 2009-2018 жылдар аралығында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Ақмола облыстық филиалының директоры, Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасының директоры, «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының қаржы директоры қызметтерін атқарды. 

«SHYMKENT» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы болып 37 жастағы Рашид Аюпов тағайындалды. Рашид Аюпов, ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты, Queen Mary University of London (Ұлыбритания) оқу орнының түлегі, мемлекеттік басқару магистрі. Әр жылдары ҚР Үкіметінде сектор меңгерушісі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Ақпарат және тестілеу орталығының» директоры, Премьер-Министр кеңсесінің мемлекеттік қызмет және кадрларды басқару секторының меңгерушісі, «ҚазАльянс» шетелдегі қазақстандықтар бірлестігінің президенті, Шымкент әкімі аппаратының жетекшісі, «Нұр Отан» партиясының ҚР Үкіметіндегі өкілі, партияның ақпараттық технологиялар орталығының жетекшісі қызметін атқарған. Тағайындалғанға дейінгі қызметі - Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі. 

Жанат Жақиянов Бокстан олимпиада резервінің Солтүстік Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебін басқаратын болды. Ол аталған мектепте 2007 жылғы қыркүйек айынан бапкер-оқытушы болып қызмет атқарған. Ж. Жақиянов кәсіпқой рингке алғаш рет жеңіл салмақта 2007 жылғы тамыз айында шыққан. Бүгінде спортшы EBU (2014-2015) нұсқасы бойынша Еуропа Чемпионы атағына ие. Сондай-ақ, WBA (2015-2017) нұсқасы бойынша әлемнің уақытша чемпионы, WBA супер және IBO (2017) нұсқалары бойынша чемпион болған.
22 қыркүйек 2018 ж. 956 2

Гость JeaOrer от 27 ақпан 2019 11:59
Buy Finasteride Citrate Liquid Cialis Vergleich Levitra priligy super p-force Canadian Pharmacy Prednizone

Гость JeaOrer от 15 наурыз 2019 21:19
Commander Levitra Bayer Doryx Without A Script Germany Pharmacy Propecia Y Viagra viagra Secure Ordering Provera Cod Tablets Shop Levitra Vs Cialis Trade Generic Name For Amoxicillin