Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Әбдірахмановтың АҚШ-қа сапары басталды

Әбдірахмановтың АҚШ-қа сапары басталды


Конференция қарсаңында, яғни 25 шілдеде Қ.Әбдірахманов АҚШ Мемлекеттік департаментінің басшылығымен, соның ішінде Мемлекеттік хатшының бірінші орынбасары Джон Салливан және 1990-шы жылдардың екінші жартысында АҚШ сенаторы ретінде Жібек жолы стратегиясы форматында ынтымақтастықты дамытуға қатысты бастама көтерген, Діни бостандық жөніндегі елшісі Сэм Браунбэктың қатысуымен бірқатар кездесулер өткізді.
Дипломаттар Қазақстан-АҚШ қатынастары жоғары қарқынмен дамып отырғанын, сондай-ақ Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы қаңтардағы Вашингтонға жасаған ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын атап өтті. Тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударды.
Сол күні министр Қ.Әбдірахманов американдық жетекші компаниялар мен корпорациялардың басшылығымен кездесіп, оларды Қазақстанда бүгінгі күні бизнес жүргізу үшін жасалып жатқан жаңа қолайлы жағдайлармен таныстырды. Келісімдердің жоғары деңгейде, Қазақстан және АҚШ Президенттері арасында табысты жүзеге асырылуы арқасында, іскерлік белсенділіктің, сонымен қатар Қазақстан экономикасына американдық инвестициялардың келуінің артқаны атап өтілді.
Министр Мемлекет басшысының жүргізіп отырған қазақстандық экономиканы әртараптандыру саясатын ескере отырып, ірі жоғары технологиялық жобаларды іске асыру үшін, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі, көлік инфрақұрылымы, ауыл шаруашылығы, байланыс және IT-технологияларды дамыту салаларында америкалық тәжірибе мен капиталды ауқымды түрде тартуға Қазақстан қызығушылық танытып отырғанына назар аударды.
Осы және басқа да көптеген жобалар қазақстандық ресми тұлғалардың АҚШ-қа және америкалық сауда миссияларының Қазақстанға жасайтын алдағы сапарлары барысында әзірленіп іске асырылатын болады.
Baq.kz

26 шілде 2018 ж. 874 0