Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№2 газет

10 қаңтар 2026 ж.

№ 1 газет

06 қаңтар 2026 ж.

№ 100 газет

31 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Президент жарлыққа қол қойды

Президент жарлыққа қол қойды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау» туралы жарлыққа қол қойды. Бұл шешім еліміздің ұзақ мерзімді даму стратегиясын жаңа технологиялар негізінде жүзеге асыру, цифрлық трансформацияны жеделдету және жасанды интеллектті (ЖИ) кең көлемде енгізу мақсатында қабылданды.

Президент қол қойған Жар­лықта: «2026 жыл Қазақстан үшін цифр­лық жаңғырудың және озық технологиялар енгізудің маңызды кезе­ңіне айналады» деп атап өтті. Яғни, 2026 жыл ресми түрде Цифр­ландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды.

Маңызды жылға қадам басқан мемлекетіміз үшін бұл бастама ел­дің цифрлық стратегиясын ке­зең­дік түрде жүзеге асыруға мүм­кіндік береді. Соның ішінде мем­лекет­тік басқаруда, бизнесте, білім беру және әлеуметтік салалар­да цифр­ландыруды кеңейтуге бағыт­талған.

Мемлекет басшысы өзінің жаңа жыл­дық құттықтауында 2026 жылды цифрландыру және жасанды ин­тел­­лект жылы деп жариялауды алдыңғы Жолдауында айтқан бо­латын. Бұл елдің заманауи тех­нология­ларды енгізуін одан әрі күшейтетін стратегиялық шешім екендігін атап өтті. Оның пікірінше, озық технологиялар еліміздің бар­лық салаларындағы әлеуетті арт­тыруға жол ашады.

Президент атап өткендей, жасанды интеллект пен цифрлық техно­логиялар Қазақстанның бәсе­кеге қабілетін арттырып, оның ха­лықаралық аренадағы рөлін күшей­теді. ЖИ мен цифрландыру тек экономикалық салада ғана емес, білім беруде, денсаулық сақтау, инфра­структура және әлеуметтік қызметтерде революциялық өзге­ріс­тер әкеледі.

2026 жыл – бұл ақылды технологиялар дәуіріне қадам басатын, инновациялардың қоғам мен бизнестің барлық саласына енгі­зілуін жеделдететін стра­тегия­лық жыл болады.

Сондай-ақ, 2025 жылы қабыл­данған бірқатар институ­цио­налдық бастамалар – жаңа Цифрлық даму және жасанды интеллект министр­лігі мен Жасанды интеллект туралы Заң, сондай-ақ суперкомпьютерлер сияқты ұлттық инфрақұрылымдар – қойылған міндеттерді іске асырудың негізін қалауда.

Қазақстан Республикасының Үкі­­ме­тіне осы маңызды жылды өткізу бойынша қажетті шараларды қабыл­дау тапсырылды.
Жарлықтың орындалуын ба­қы­лау ҚР Президентінің Әкім­шілі­гіне жүктелді. Жарлық қол қо­йыл­ған күннен бастап күшіне енеді.

Жасанды интеллект дәуірі

ХХІ ғасыр – жасанды интеллект ғасыры. Ғалымдардың жеткен жетістігі – күн сайын пайда болып жатқан жаңа технологиялар. Үздік­сіз, көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқан жаңа технологияны меңгеру де мүмкін емес. Дегенмен әр салада жасанды интеллектінің алғашқы жетістіктері де бар. Жаңа технология сөзсіз адамға, оның игілігіне қызмет етуі тиіс.

Мемлекет басшысы бұдан бір­неше жыл бұрын жаңа дәуірдің бас­талғанын айтқан еді. Жасанды интеллект ең бастысы адамның өмір сүру қалпын, тұрмысы мен салтын жаңа арнаға бұрып, жұмысын жеңілдетеді. Шын мәнінде бүгін­де адамның ақылы үстемдік етіп, әсіресе ірі мегаполистерде жұ­мыс­­ты автоматтандыруда. Бұл өнер­кәсібі дамыған аймақтарда да қалыптасуда. Сонымен қатар ғылыми, техникалық саладан бө­лек, денсаулық, білім саласында қыз­­­мет­керді жасанды интеллектпен алмастыру тиімділігін көрсетуде.

Сарапшылардың болжамынша жасанды интеллект жұмыс орын­дарының қысқаруына әкелу ықти­малдығы басым. Бұрын адам қолы­мен жасалған жұмыс ЖИ дамыған кезде технологияның арқасында атқарылады. Бұл өндіріс, көлік, тұтынушылық қыз­мет көрсету салаларында жұмыс­­шылардың қыс­қаруына әке­леді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министр­лігінің берген дере­­гінде көрсетілген. Яғни 2030 жылға қарай автоматтандырудың нәти­жесінде 1,5 миллион жұмыс орны жойылуы мүмкін. Бірақ жасанды интеллект жаңа жұмыс орнын құратынын ескерсек, жаңа маман­дықтар пайда болып, тиісінше жаңа мүмкіндіктер іске асады.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей АҚШ жасанды интеллектіні мем­ле­кеттік қызметте тиімді пайдаланып, көш басында тұр. Одан соң Оңтүстік Корея, Жапония мен Сингапур озық елдер қатарында. Біздің мемлекетіміз 72 орында тұр­са, Әзербайжан мен Өзбекстан Қазақстаннан кейінгі орындарды иелен­ген.

Жасанды интеллектіні қолдану бойынша адамзат игілігіне пайдалана білу ең басты маңызға ие. Бұл туралы ел Президенті де атап айтты. Жақсылыққа да, жамандыққа да қол­дануға болатын құрал ретінде жасанды интеллектіні жауап­кер­шілікпен пайдалану маңызды. Оның бағыты тек қана адамдардың өмірін жақсартуға, яғни ел ішіндегі түрлі аурудың алдын алу мен күресуге, климаттық өзгеріске төтеп беру секілді жаһандық мәселелерді шешуге қолдану қажет.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – уақыт талабына ба­ғын­ған жасанды ақыл-ой техно­ло­гиясының дамуы адамзат үшін пайдасын әке­луі тиіс.


Б.ЖАНӘЛІ
10 қаңтар 2026 ж. 272 0