Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлт мәдениеті – халық өмірінің айнасы – Қасым-Жомарт Тоқаев

Ұлт мәдениеті – халық өмірінің айнасы – Қасым-Жомарт Тоқаев

«Ақорда» резиденциясында берілген ауызашарда Мемлекет басшысы мәдениет пен руханият мәселесіне айрықша тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған қауымды қасиетті Рамазан айымен құттықтау лебізінде: «Жалпы, ұлт мәдениеті – халық өмірінің айнасы, оның болмысы. Еліміздің рухани дамуы ұлттық рухқа тікелей байланысты. Сол себепті азаматтарымыздың рухы әрқашан биік болуы үшін мәдениетімізге, яғни руханиятымызға баса мән бергеніміз жөн.

Қазіргі таңда зиялы қауымның қоғамдағы рөлі аса маңызды. Мәдениет қайраткерлері халыққа, ең алдымен, өз туындыларымен танымал болуы керек, қоғамға, әсіресе, жастарға жол көрсетіп, үлгі-өнеге болуы қажет. Жұртымыз зиялы қауымнан сабырлықты, парасаттылықты күтеді», деді.

Мемлекет басшысының атынан берілген ауызашарға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, дәрігерлер, мұғалімдер, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, мәдениет қайраткерлері, құтқарушылар, еңбек адамдары қатысты.
09 сәуір 2023 ж. 218 0