Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлау-2023. Respublica партиясы кандидаттар тізімін өткізді

Сайлау-2023. Respublica партиясы кандидаттар тізімін өткізді

Бүгін Respublica партиясы кезектен тыс сайлауға қатысатын Мәжіліске кандидаттарының құжаттарын Орталық сайлау комиссиясына өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Respublica партиясы бүгін Орталық сайлау комиссиясына Мәжіліс сайлауына қатысатын кандидаттардың тізімін ұсынды. Партияның депутаттыққа үміткерлерінің жалпы саны 25 адамды құрайды. Ерлер саны - 17, әйелдер саны - 8. Партияның Мәжіліс депутаттығына үміткерлерінің орташа жасы - 38.   Ең кіші жас көрсеткіші - 25 жас. Ең үлкен жас - 51 жас. 4 адам бірмандаттық округ бойынша кандидаттыққа ұсынылды. Оның ішінде екі ер адам, екі әйел адам, - деп атап өтті партияның сайлауалды штабының жетекшісі Олжас Қайроллаұлы. 

Еске сала кетейік, елімізде 19 наурызда Мәжіліс пен мәслихаттардың мерзімінен бұрын сайлауы өтеді. Жаңа ережемен өтетін сайлау саяси жаңғырту реформаларының жалғасы деп саналады. 

Сайлаудағы басты жаңалық – аралас пропорционалды-мажоритарлық сайлау жүйесінің енгізілуі. Жаңа жүйеге сәйкес енді Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім бойынша, 30 пайызы бір мандатты округтер бойынша сайланады. Аралас сайлау жүйесі бойынша 50-де 50 қатынасы негізінде облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттарына да сайлау өтеді. Ал аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың мәслихаттарына сайлауда азаматтар бір мандатты округтердегі кандидаттарға ғана дауыс береді. 
08 ақпан 2023 ж. 504 0