Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№23 газет

31 наурыз 2026 ж.

№22 газет

28 наурыз 2026 ж.

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Сайлау: Қызылордада 1500-ға жуық комиссия мүшесі оқытылуда

Сайлау: Қызылордада 1500-ға жуық комиссия мүшесі оқытылуда

Қызылорда өңірінде Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлауын өткізу жұмыстары қарқынды жүруде, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.  

Өңірде барлығы 516 сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Оның 9 аумақтық, 134 округтік, 373 учаскелік.

Сайлау процессінің ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз ету үшін сәрсенбі күннен бастап барлық сайлау комиссия мүшелеріне оқыту және әдістемелік бағыт-бағдар беру үшін арнайы оқыту-семиналары басталды. Барлығы 1500-ге жуық маман оқытылады. 

Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында алғашқы үш күн Қызылорда қаласының мамандарын оқытуға арналды. 

Келер аптадан бастап барлық аудандағы сайлау комиссиясының мүшелері үшін көшпелі оқыту-семиналары өткізіледі.

Учаскелік, округтік сайлау комиссиясының мүшелері сайлау туралы заңнамадағы өзгерістер, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, байқаушылармен жұмыс жасау, дауыс беру тәртібі, кандидаттармен жұмыс жүргізудің жолдары тақырыбында ақпараттар алып, өзара пікір алмасты.
 
08 ақпан 2023 ж. 538 0