Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі тағайындалды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Аkorda.kz.

Марат Қарабаев 1987 жылы Өзбекстан Республикасының Ташкент облысында туған. Ташкент автомобиль жолы институтын, Уорвик университетін (Ұлыбритания), М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген. 

Еңбек жолын 2011 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су шаруашылығы комитетінің Су шаруашылығы ғимараттарының желілерін пайдалану және дамыту басқармасы сарапшысының м.а. ретінде бастады.  

2011 жылдан 2013 жыл аралығында  — Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Жаңа технологиялар және энергия үнемдеу департаменті Сервистік индустрияны технологиялық дамыту басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы. 

2014-2015 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары м.а.  

2015-2017 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысының орынбасары, басшысы. 

2018-2019 жылдары — Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаментінде басшылық қызметтер атқарды.

2019 жылғы тамыздан 2020 жылғы шілде аралығында Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды.

2020 жылғы шілдеден 2021 жылғы қаңтарға дейін – ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы.

2021 жылғы қаңтардан бастап ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.

2021 жылдың шілде айынан бастап Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып қызмет атқарды.
04 қаңтар 2023 ж. 249 0