Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаржы министрлігінің Әдеп бойынша уәкілі тағайындалды

Қаржы министрлігінің Әдеп бойынша уәкілі тағайындалды

ҚР Қаржы министрлігінің Әдеп бойынша уәкілі лауазымына Бауыржан Тұяқов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, Бауыржан Тұяқов бұл уақытқа дейін Халықаралық қаржылық қатынастар департаментінің бас сарапшысы қызметін атқарған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Үкімет қаулысымен Бекболат Серікұлы Молдабеков Қазақстан Республикасының әділет вице-министрі қызметіне тағайындалған болатын.

Сонымен қоса, Дулат Шайкенұлы Жекебаев ҚР Оқу-ағарту министрлігі аппаратының басшысы, ал Бекиев Онал Ботайұлы Ішкі істер министрлігі аппаратының бастығы қызметіне тағайындалған еді.
23 қараша 2022 ж. 374 0