Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Президент сайлауында бірінші дауыс берген сайлаушыға қандай сыйлық беріледі?

Президент сайлауында бірінші дауыс берген сайлаушыға қандай сыйлық беріледі?

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Константин Петров кезектен тыс президент сайлауында бірінші рет дауыс беретін сайлаушыларға сыйлық қарастырылмағанын айтты. Яғни бұл мақсатта қаражат бөлінбеген, деп жазады Egemen.kz.

Оның айтуынша, Ортсайлауком тарапынан мұндай сыйлықтарға ешқандай қаражат қарастырылмаған.  Десе де Петров БАҚ өкілдеріне өзінің алғаш рет сайлауға қатысқанда қандай сыйлық алғаны туралы айтып берді. 

«Алғаш рет 18 жасымда дауыс бергенім әлі де есімде. Оның үстіне 18-ге толғаныма 3-4 күн өткеннен кейін дауыс бердім. Сайлаушылар тізімінде болдым және маған телефон нөмірлерін жазуға арналған қойындәптер сыйлаған еді. Кәдесыйға келер болсақ, өзінің сайлаушыларын білетін қандай да бір сайлау комиссиясы тосынсый жасауы мүмкін. Орталықтандырылған бюджет ондайға қарастырылмаған. Сайлау комиссиялары жеке бастама жасауы мүмкін әрі мұндай бастама міндетті емес», деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі.
09 қараша 2022 ж. 471 0