Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 59 газет

09 тамыз 2025 ж.

№ 58 газет

05 тамыз 2025 ж.

№ 57 газет

02 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Әния Байоразова «Жетінші арнаның» бас директоры болып тағайындалды

Әния Байоразова «Жетінші арнаның» бас директоры болып тағайындалды

«Жетінші арнаның» бас директоры болып Әния Байоразова тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Байоразова Әния 2009 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін тәмамдаған.

БАҚ және телевизия өндірісі саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар білікті маман. Еңбек жолын университет қабырғасында жүргенде «31 арнадан» бастаған. Ақпараттық – ойын-сауық жобаларының жүргізушісі, сценарист әрі редакторы болды.

2010-2020 жылдар аралығында жаңалықтар қызметінде тілші, «Хабар» телеарнасында диктор, «Еларна» және «Алматы» телеарналарында түрлі тележобалардың жүргізушісі болып жұмыс істеді.

«Jas Otan» төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды. «Biz Birgemiz» халықтық іс-шарасын сәтті ұйымдастырып, PR жұмыстарын жүргізді.

2020 жылдан ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ-де жұмыс істей жүріп, өзінің шығармашылық қызметін отандық телеарналарда жалғастырды.

Қазір Almaty Management University-де MBA дәрежесін алуда. Үш тілде еркін сөйлейді. Екі бала тәрбиелеп отыр.
22 шілде 2022 ж. 423 0