Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 59 газет

09 тамыз 2025 ж.

№ 58 газет

05 тамыз 2025 ж.

№ 57 газет

02 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Департаменттің жаңа басшысы таныстырылды

Департаменттің жаңа басшысы таныстырылды

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен кадрлық өзгерістерге байланысты жиын өтті, деп хабарлайды syrboyi.kz.

Жиында Сыр еліне келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Қуаныш Жапақов Қызылорда облысы бойынша департаментінің жаңа басшысы Рустам Ақмырзаевты таныстырды.

Басқосуға облыстық мәслихат хатшысы, құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

Облыс әкімі Рустам Ақмырзаевтың қызметіне сәттілік тілеп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын қарқынды түрде бірлесіп атқаратынын сөз етті.

– Рустам Сапарбекұлын жаңа қызметімен құттықтай отырып, Мемлекет басшысы қойған міндеттерді бірлескен түрде тиімді жүзеге асырамыз деп сенім артамыз. Алдағы атқарар жауапты қызметіңізге табыс, сәттілік тілейміз!, – деді облыс басшысы.

Рустам Ақмырзаев 1978 жылы Қызылорда облысында туған. Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы салық полициясы органында бастаған.

2001-2018 жылдар аралығында қаржы полициясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарында түрлі лауазымдарда еңбек еткен.

Оның ішінде, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары бойынша департамент басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2018 жылдан бастап осы кезге дейін Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарып келді.
06 ақпан 2022 ж. 527 0