Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Шиелі ауданының әкімі тағайындалды

Шиелі ауданының әкімі тағайындалды

Облыс әкімінің өкімімен және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Шиелі аудандық мәслихатының келісімдерімен Шиелі ауданының әкімі лауазымына Мақұлбеков Нариман Әскербекұлы тағайындалды.

Мақұлбеков Нариман 1968 жылы Қызылорда қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1986 жылы Қызылорда қаласындағы автобазада слесарь ретінде бастаған.

1987-1994 жылдары Қарулы күштер қатарында әскери борышын өтеп, жоғары оқу орнында студент болған.


1994-2017 жылдары құқық қорғау органдарында, соның ішінде Қызылорда қалалық прокуратурасының тергеуші стажерінен облыс прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның департамент бастығына дейінгі қызмет сатысынан өткен. 2018-2020 жеке секторда "Jfc colos" ЖШС директорының кеңесшісі лауазымын атқарған.

2020 жылдан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова жаңа аудан әкімін таныстырып,қызметіне сәттілік тіледі.
18 шілде 2021 ж. 166 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам