Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Азамат Сқақов Ұлттық Агроөнеркәсіп Палатасының вице-президенті болды

Азамат Сқақов Ұлттық Агроөнеркәсіп Палатасының вице-президенті болды

Сқаков Азамат Нұрлыбекұлы 2020 жылдың 10 қарашасынан бастап вице-президент қызметіне тағайындалды.

Орталық кеңес төрағасы А.Ж.Игбаевтың келісімімен "Қазақстан Ұлттық Агроөнеркәсіп Палатасы" заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер қауымдастығының құрылтайшыларының жалпы жиналысында Сқақов Азамат Нұрлыбекұлы Қазақстан Ұлттық Агроөнеркәсіп Палатасының вице-президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес және "Қазақстан Ұлттық Агроөнеркәсіп Палатасы" заңды тұлғалар және жекеменшік кәсіпкерлер қауымдастығының Жарғасынының 30-бабын негізге ала отырып, Сқаков Азамат Нұрлыбекұлын 2020 жылдың 10 қарашасынан бастап вице-президент қызметіне тағайындауды бұйырамын", – делінген Ұлттық Агроөнеркәсіп Палатасының хабарламасында.

Қазақстан Ұлттық Агроөнеркәсіп Палатасы 2009 жылы қыркүйекте "АгроОдақ Қазақстан" ауыл шаруашылық фермерлері қоғамдық бірлестігі" қауымдастығының негізінде құрылған.
ҚҰАП-ның басты мақсаты – палатаға мүшелердің мүддесі мен құқығын қорғау, орталық және жергілікті атқарушы органдар мен агробизнес өкілдері арасында диалог ұйымдастыру, ауыл шаруашылық саласында ортақ стратегия құру.
11 қараша 2020 ж. 1 558 0