Тіршілік тынысы » Оқиғалар » Қостанайда нан арасынан шыққан ағаш жаңқасы 14 жастағы қыздың тамағына тұрып қалды
Қостанайда нан арасынан шыққан ағаш жаңқасы 14 жастағы қыздың тамағына тұрып қалды
Қостанайда 14 жастағы қыз нан жеген соң, тамағын жарақаттап алды. Ол жеген нан арасынан ағаш жаңқасы шыққан, деп хабарлайды Қазақпарат.
Анасы Наталья Масальскаяның айтуынша, қызы сабағынан келген соң тамақтанады. Ол нан жеген соң өзін нашар сезінгенін айтады. Анасы оған су ішкізген. Дәрігерге қаралғанда еш мін таппайды. Алайда жеткіншек үш күн бойы қиналып, сөйлей алмау қалады. Осыдан соң тағы бір мәрте дәрігерге қаралады. Дәрігерлер қыздың кеңірдегіне ағаш тұрып қалғанын үш күннен соң анықтап, ота жасайды. Көлемі 2,3 см 3 мм болаты ағаш жаңқасын алып тастайды. Қазір қыздың денсаулығы жақсы болғанымен, отадан соң оңалу кезеңі ұзақ болды. Анасы оқиғадан соң наубайхананы сотқа берді. “Бастапқыда сотқа беру туралы ойлаған емеспін. Наубайхананың орынбасары келіп кешірім сұрады. Басшысының еңбек демалысында екенін айтты. Алайда ол келген жоқ. Кешірім сұрап келмеген соң арыз жаздым”, – дейді анасы. СЭС аталған наубайханада тексеріс жүргізіп, заңбұзушылықтарды анықтады. Енді наубайхана жәбірленуші отбасына 300 мың теңге моральді өтемақы төлейді.
Пікір 2