Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Титаникке» сүңгіген туристер қаза тапты

«Титаникке» сүңгіген туристер қаза тапты

«Титаник» лайнеріне сүңгіген OceanGate компаниясына тиесілі «Титан» батискафының сынықтары табылды. Компания мәліметінше, бортта болған туристер қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Титан» суасты көлігі 18 маусым күні Атлант мұхитында батып кеткен «Титаник» лайнеріне экскурсияға аттанған. Белгілі болғандай, аппарат бортында ұйымның Бас директоры Стоктон Раш, миллиардер Хамиш Хардинг, кәсіпкер және миллиардер Шахзада Давуд және оның ұлы Сулеман Давуд, сондай-ақ француз зерттеушісі Пол-Анри Наргеоле болған.


Бостон жағалау күзетінің мәліметінше, «Титан» төрт шақырым тереңдікке сүңгігеннен кейін 1 сағат 45 минуттан соң байланыс үзілген. Негізінде батискафтағы адамдар су астына түскеннен кейін  96 сағат бойы оттегімен қамтамасыз етілуі керек еді. 


Сүңгуір қайық жоғалғаннан кейін бірден Атлант мұхитында іздеу-құтқару жұмыстары басталды. Кеше іздеу-құтқару жұмыстары кезінде батискафтың сынықтары табылды. Қирандылар апатты жағдай болғанын көрсетеді. Бірақ оған не себеп болғаны әзірге белгісіз. Қаза тапқандардың мәйіті табылмауы да мүмкін.
23 маусым 2023 ж. 206 0