Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№43 газет

09 маусым 2026 ж.

№42 газет

06 маусым 2026 ж.

№41 газет

02 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Егде жастағы әйел бауырсақ ішінен флешка жасырып өткізбекші болған

Егде жастағы әйел бауырсақ ішінен флешка жасырып өткізбекші болған

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №68 мекемесінде (тергеу изоляторы) сәлем-сауқат қабылдау бөлмесіндегі бақылаушы қызметкерлері тыйым салынған заттың ішкі ғимаратқа өтіп кетпеуінің алдын алды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 

Заңға қарсы іс-әрекетке бармақ  болған  егде  62 жастағы   азаматша мекеме қамауында  отырған қызына флешка өткізіп бермекші болған.

Мекеменің қырағы бақылаушылары бұл егде жастағы әйелдің  әкелінген сәлем-сауқаттарын жіті тексеру барысында бауырсақ ішінен фольгаға оралған  бір дана  флешканы жасырып қойғанын анықтады.

Анықталған факт бойынша хаттама толтырылып, ісі сотқа жолданған болатын.  

Бүгінде сот шешімімен ҚР ӘҚБ- 481-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып , алғашқы рет жасалынғандықтан,  әкімшілік ескерту берілді.
24 наурыз 2023 ж. 405 0