Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Аялдамада үш оқушыға оқ атты

Аялдамада үш оқушыға оқ атты

Қызылорда облысы Төретам ауылында автобус аялдамасында тұрған үш қызға оқ кездейсоқ тиді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Кеше ауылда бірнеше жас жігіт арасында жанжал шыққан. Олардың бірі аялдаманың артына жасырынды. Жанжалға қатысушылардың бірі мұны көріп, аялдаманы көздеп оқ атқан. Алайда күдіктінің оғы қашқан жігітке емес, 9-10 сыныптардың үш оқушысына тиді. Осы уақытта қыздар аялдамада автобус күтіп тұрған", - деді агенттік дереккөзі.

Полиция күдіктілер ұсталғанын хабарлады. Қайсысы оқ атқаны туралы әлі хабарланған жоқ, бірақ қатысушылардың әрқайсысының іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі.

"Полицейлер күдіктілерді ізін суытпай ұстады, - деп хабарлады Қызылорда облыстық полиция департаменті. - Қазір адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сараптама тағайындалды, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда".

15 желтоқсан кешкі сағат алтыға жуық Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Төретам кентінде автобус аялдамасының жанында қару қолданылды. Жас жігіттер арасындағы жанжал кесірінен кәмелетке толмаған үш қыз жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Қазір зардап шеккендердің өміріне қауіп төніп тұр.
17 желтоқсан 2021 ж. 439 0