Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Дәу келін атанасың

Дәу келін атанасың

Қызы үйіне төркіндеп келді,
Үй-отбасының амандығын білді.
Ауылдағы құрбыларымен құшақтасып,
Азын-аулақ ойнап күлді.
Сосын шешесі шақырып қызын,
Иә, қалай қызым?
Айдай болған ақ қозым,
Жағдайың мәз емес-ау сенің.
Көзің үңірейіп келмейді-ау түрің,
Сірә, еңкейген енең күн бермей,
Жұмсап  сені  күн-түн демей.
Атаң ақырып арыстандай,
Мазаң шығар жас баладай.
Әлгі шірік күйеуің,
Әмір беріп тұра ма?
Таянып екі бүйірін.
Қызым мені тыңдап ал,
Осыдан үйіңе барған соң
Отбасына ойран сал,
Енең жұмсай қойса, айтқанын істеме.
Қара шай бер, жоқ деп тістеме,
Атаң бақырса, сен бақыр.
Ойбайлап көршілеріңді шақыр.
Өстіп тізгінді қолыңа аласың,
Сонда барып, дәу келін атанасың.
Әлгі байыңды түнде қыспаққа ал,
Оның жарасы жеңіл ғой,
Өйткені, қара, бала бар.
Қызы шешесіне ренжіп төмен қарады,
Бауырына қысып, жас баланы,
Жанарынан мөлдіреп жас ақты.
Себебі, қызы бір ауылдың,
Тәуір келіні еді атақты.

Мүсілім ҚАЛМҰРАТҰЛЫ
27 наурыз 2021 ж. 826 0