Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

№30 газет

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Карантин талабын бұзғандар анықталды

Карантин талабын бұзғандар анықталды

Қызылорда облысында жыл басынан бері карантин талабын бұзған 4 жағдай анықталды.

Олардың 2-еуі Қызылорда қаласында, қалғаны Шиелі және Қазалы аудандарында тіркелген. Барлығында кафе иелерінің шекті уақытты сақтамай, карантин режимін бұзғаны анықталды.

«Бұл жағдайлар 4 қаңтарға дейін тіркелген. Одан бергі үш күнде мұндай келеңсіздіктер болған жоқ. Оларға 444 мың теңгеден астам айыппұл салынды», – деді Қызылорда облысы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева.

Қызылорда облысында 2020 жылы карантин талабын бұзған 900-ден астам дерек тіркелген. Олардың 543-і той жасауға қатысты болған. Өңірде бұл мақсатта арнайы құрылған 24 мобильді топ жұмыс жасауда.

Фото: Н.Нұржаубай
08 қаңтар 2021 ж. 748 0