Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЗЫЛША АУРУЫ

ҚЫЗЫЛША АУРУЫ


  • Қызылшаның жасырын кезеңі 9-11 күнге созылады. Иммуноглобулинмен алдын алу шараларын жүргізу барысында оның 15-21 күнге дейін созылуы мүмкін.Бастапқы немесе продром кезеңі дене қызуының 38-39 С дейін көтерілуімен ,шаршағыштықпен ,тәбетінің нашарлауымен сипатталады.Құрғақ жөтел басталады.Катаралды белгілер көрінеді.Конъюктивит,склерит,жарықтан қорқу,блефароспазм пайда болады. Ұсақ қызыл дақты қызылша энантемалары (Филатов-Коплик-Бельский дақтары) пайда болады,ол жиі жұмсақ және қатты таңдайдың шырышты қабаттарына жайыла бастайды.Оның сыртқы түрі ұнтақ жармасына немесе кебекке ұқсайды.Экзантеманың пайда болуымен олар жойылады.Бастапқы кезеңнің аяғында (3-4 ші күні)дене қызуы төмендеп ,содан кейін қызылша бөртпесінің пайдаболуымен,қызба қайтадан аса жоғары деңгейге дейін көтерілежді.Бөртпе кезеңі дақты-папулезді бөртпенің пайдаболуынан басталады.қызылша экзантемалары бөртпенің сатылы шығуымен сипатталады:1-ші күні бөртпе элементтері бет және мойында пайда болады. 2-ші күні   -кеудеде,қолдарда,жамбаста, 3-ші күні бөртпе аяқ пен табандарды қамтиды,ал бетте ол ағара бастайды.Бөртпе бет және мойында, кеуденің жоғарғы тұстарында жиі орналасады.Элементтердің диаметрі 10мм. 3-4 күннен кейін бөртпе ағарып, олардың орнында пигментация қалады. Одан әрі кебек тәрізді қабыршақтану байқалады.Қызылшамен ауырған баланы басқа балалардан бөлек ұстаған жөн Қызылшамен ауырып жатқан баласы бар ұйге басқа үйдің балаларының келуіне болмайды. Қызылша ауруы бар үйдің балалары, егер олар бұл аурумен ауырмаған жағдайда мектепке, дүкенге немесе басқа да қоғамдық орындарға 10 күнге дейін баруына болмайды. Жас балалар организмінің қызылша ауруына қарсы тұрып, шетінемеуі үшін олардың жетіліп, ет алуы қажет. 8 айдан 14 айға дейінгі бала қызылшаға қарсы егілу керек.
Диагностикасы
  • Ауруды қызамықтан энтеровирусты экзантемадан,Розенберг инфекциялық эритемаларынан ,аллергиялық бөртпелерден ,жұқпалы мононуклеоздан ажырату керек.Ол үшін лабораториялық әдістер қолданылады.Бастапқы кезеңде және бөрітпеден кейінгі алғашқы екі күнде қақырықтан,мұрын шырышынан немесе  дәреттен көк тядролы гигант вирус бөліп алуға болатыны белгілі.Вирусты иммунофлюроресценция әдісімен анықтауға болады.Серологиялық әдістер кең қолдануда.ТГАР,КБР,ИФА,IgM класына жататын антиденелер аурудың жедел түріне сәйкес келеді.Ал  IgG класына жататын антиденелер бұрын болған инфекцияны немесе вакцинация болғанын көрсетеді.ПЦР нәтижелі болады.
Емдеужолдары:
  • Бала төсекте жатуы керек, сұйықты көп ішіп, құнарлы тамақ жегені жөн. Егер ол қою тамақты жей алмаса, сұйық сорпа беріңіз. Егер балаға емшек ему қиынға соқса, онда емшекті сауып, сүтті қасықпен ішкізіңіз.
  • Көздің бүлінуін болдырмау үшін мүмкіндігінше А дәруменін беріңіз.
  • Қызу көтерілгенде және бала тынышсызданғанда парацетомол (аспирин) беру қажет.
  • Егер құлағы ауырса, антибиотиктер ішкізген жөн.
  • Өкпесінің қабынғандығын, менингитті немесе құлақ пен асқазанның қатты ауырғандығын білдіретін белгілер байқалса, дәрігер шақырыңыз.
  • Егер баланың іші өтсе, регидрационды су беріңіз.
Біле жүріңіз!
1.Міндетті түрде дәрігерді  шақырыңыз! (емхана телефоны 21-8-36)
2.Егу жүргізілмеген адамдарда қызылша ауыр өтеді, егер олар уақытында емделмесе асқынулар болуы мүмкін. Бұрын егу алып, иммунитетінің әлсіреуіне байланысты ауырған адамда дерт жеңіл өтеді.
3. Дұрыс емделмейтін кезде , дене қызуы қайта көтерілген науқаста отит, пневмония, ларинготрахеит, энцефалит, менингит сияқты асқынулар дамуы мүмкін.
4.Қызылшамен ауырған баланың бөртпесіне бриллиант көгін (зеленка), калий перманганаты (қызыл дәрі) ерітіндісін жағуға БОЛМАЙДЫ!
Мығымбаева Маржан
Жалпы тәжірбиелік  бөлім дәрігері
09 қаңтар 2018 ж. 32 614 1 586
Пікір қалдыру

Пікір 1 586

Allenzessy от 29 қаңтар 2022 07:41
беременные секс чат - рунетки секс чат, runetki

Гость takermVot от 19 наурыз 2022 20:16

seotlVot от 31 наурыз 2022 02:55

BrirceKER от 20 сәуір 2022 10:14
продать авто дорого https://1-vikupauto96.ru/

Fluxetin от 13 мамыр 2022 11:35
It's remarkable in support of me to have a web site, which is valuable for my know-how. thanks admin

snabkqVot от 27 мамыр 2022 04:43

snabkwVot от 27 мамыр 2022 10:39

snabkrVot от 27 мамыр 2022 11:55

rzksshoVot от 29 мамыр 2022 23:49

sladepseats от 30 мамыр 2022 03:18