Бұлшықетіңізді қатайтатын тағамдар......
✅ Сіз таңертең бір стақан ыстық су ішу арқылы ішек-қарын жолдарын тазалай аласыз. Себебі ыстық су ағзадағы барлық артық заттан құтылуға көмектеседі. Сонымен қатар, ұйқыңызды ашып, ерекше күш-қуат сыйлайтын қасиетке ие. Оны таңғы ас ішерден 20-30 минут бұрын тұтынуыңыз керек.
✅] 40-50 градуста қайнаған ыстық суға бір шай қасық бал қосып ішуге де болады. Оның пайдалы тұстарына көп ұзамай көзіңіз жетеді. Өйткені бал қоспасыз, жеке тұрғанда ешқашан бұзылмайтын тағамдардың бірі. Оған қоса асқазаныңызды тазартып, ағзаңызды жасартасыз. Бір стақан ыстық су сізге бір күнге толық жететін жігерлілік пен қайраттылық береді.
✅ Назарларыңызға таңертең бал қосылған су ішудің бірнеше себебін ұсынамыз:
- ағзаны тазалауға көмектеседі;
- ас қорыту жолдарын жақсартады;
- бауырды қалыпқа келтіреді.
✅ Суға қалағаныңызша лимон шырынын да қосуға болады:
- лимон шырынының құрамында калий көптеп кездеседі. Ол тек ағзаға пайдасын тигізіп қоймай, күйзеліске ұшыраған жағдайда да көмегін тигізеді;
- лимон шырыны қан қысымы көтерілуіне жол бермейді.
✅ Шетел оқымыстылары қандай да болмасын нәрсені әдетке айналдыру үшін 21 күн жеткілікті екенін айтады. Ал сіз бір стақан қайнаған суды ішуді бүгіннен бастаңыз.