Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет

PDF нұсқалар мұрағаты

54 газет

16 шілде 2019 ж.

53 газет

13 шілде 2019 ж.

№52 газет

10 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Бақытты жандардың ғұмыры қысқа ма?

Бақытты жандардың ғұмыры қысқа ма?

Америкалық музыкант Бобби Макферрин 1988 жылы «Don’t Worry, Be Happy» атты өлең жазады. Оны тыңдаған адамдар тынығып, бастағы артық ойдың бәрінен құтылып, өз-өздерін бақытты сезінген. Содан соң көптеген ғалым өздерін шын бақытты сезінетін адамдардың өмір сүру жасы ұзақ болады деген тұжырым жасайды. Ал аустралиялық оқымыстылар оны жоққа шығарады. Олар бақыт пен ұзақ өмір сүрудің бір-біріне ешқандай қатысы жоқ дейді. 

Сидней қаласындағы Оңтүстік Уэльс Университетінде эпидемиолог болып қызмет ететін Бетте Лю дәрігердің зерттеу жұмыстарына көз жүгіртсек, бақытты адамдардың ғұмыры қысқа болады екен. 1996 жылы Million Women Study бағдарламасының бастамасымен зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Оған 700 мың әйел адам қатысады. Арада үш жыл өткен соң ғалымдар қатысушылардан қаншалықты өздерін бақытты сезінгендерін сұрайды. Алайда олардың 4%-ы әртүрлі себепке байланысты көз жұмған. 

Сұрастыру кезінде әйелдердің 39%-ы көп жағдайда бақытты болғанын айтса, ал қалған 61%-ы анда-санда ғана өздерін бақытты сезінгенін мәлімдеген. Алайда ажал айтып келмейтінін бәріңізде жақсы білесіздер. Қазір күліп-ойнап жүріп, ертең-ақ о дүниелік болып кетуіміз мүмкін. Сондықтан бақытты адамдар ұзақ өмір сүреді деген қағидаға біз де келіспейміз.
07 шілде 2019 ж. 80 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам