Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мінезіңіз қатты ма әлде жұмсақ па?

Мінезіңіз қатты ма әлде жұмсақ па?

Оны анықтау үшін американдық психолог Томас Грининг ойлап шығарған тесттен өтіп көріңіз. 
Төмендегі сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріңіз. 
Негізінде адамдар жақсы әрі мейірімді. 
Әрдайым дауды шиеленістірмей, басып тастауға тырысу керек. 
Егер біреу титығыңызға тиіп жатса, сабырға келіп, өзіңізді ұстаған жөн. 
Құттықтау хаттарын арнайы сатып алу – жай ғана керексіз шығын. 
Айыптыға берілген жаза көптің алдында жүзеге асырылуы тиіс. 
Біреуге кек сақтап жүргеннен гөрі тез кешіре салып, бәрін тез ұмытқан жөн. 
Балаларды мақтай бермей, тәртіпке салу қажет. 
Сыйлықты алғаннан берген көңілге жағымдырақ. 
Досыңның қатерлі ауруға шалдыққанын естіген қомақта қаржыдан айрылғаннан ауыр. 
Дауласудан гөрі дереу келісе салған артық. 
Кейде өз дегеніңізге жету үшін біреулерді ренжітіп алуыңыз мүмкін. 

Ұпайлар 
3,4,5,7,11 санды тұжырымдармен келіскен болсаңыз, әр жауапқа 1 ұпайдан есептеңіз.Ал егер осы сұрақтарға теріс жауап берсеңіз, ұпай саны 0. Және керісінше, 1,2,6,8,9,10 сұрақтарға теріс жауап берсеңіз, әр жауапты 1 ұпай деп санаңыз. 

Нәтиже 
0-4 ұпай. Шамадан тыс жұмсақ адамсыз. Көнгіштігіңіз сізді әлсіз адамдай көрсетеді, және адамдар осы қасиетіңізбен пайдалануы мүмкін. Кішкене қаттырақ болу үшін өзіңізді кейде өзімшіл болған пайдалы екендігіне сендіріңіз. 

5-8 ұпай. Сіз керек жерде жұмсақ немесе қаттырақ бола алатын жағдайға қарай икемді адамсыз. Өз дегеніңізге беріктігіңізге қарамастан, сезімталдығыңызбен тартасыз. 

9-11 ұпай. Сіз өте қатты адамсыз. Мұныңыз кейде адамдарды сізден алыстатады. Жұмыстағы қатаңдығыңызды жақындарыңызбен қарым-қатынаста көрсетпегеніңңіз абзал. Осыны естен шығармаңыз. Өзіңізді өзгелердің орнына қойып көруге тырысыңыз.
30 маусым 2019 ж. 747 0