Апельсин қабығы несімен пайдалы?
Апельсин қабығының сіздің денсаулығыңызға пайдасы өте көп. Оны қаныңыздағы холестерин мөлшерін азайтуға қарсы тұтынуыңызға болады.
Апельсин қабығын аршып болғаннан кейін жақсылып шайып, оны уақтап тураңыз. Содан соң үстіне қайнаған су құйып, біраз уақытқа қалдырыңыз. Бұл хош иісті сусын дәмді әрі пайдалы. Оны холестериннің деңгейін түсіретін дәрі-дәрмек ретінде де ішуге болады.
Апельсин қабығының тағы да бір пайдасы: оның құрамында нитраттар мен нитриттер көптеп кездеседі екен. Сол себепті бұл жемісті қабығымен бірге жей берсеңіз де болады. Тіпті ішіндегі сүйектерінің де пайдасы бар.
Сонымен қатар онымен үйіңізді, жатын бөлмеңізді хош иістендіріп қоюға болады.
Егер күніне бір рет апельсин қабығын шайнап тұрсаңыз, вирустық инфекциядан аман қаласыз. Сондықтан оны лақтырып тастамаңыз. Оның денсаулығыңызға көмегі зор.
alashainasy.kz