Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » КӨЗ ГИГИЕНАСЫН САҚТАНЫЗ!

КӨЗ ГИГИЕНАСЫН САҚТАНЫЗ!


Көздің тазалығы. Сабақта әрбір 40 минут сайын үзіліс жасау қажет, ал алыстан әлсіз көрмесе – әр 30 минут сайын, ал нашар көрсе – 10-15 минут сайын үзіліс жасау керек. Компьютерде күніне 15-20 минуттан аз отыру керек. Егер осы уақытта жұмысты орындап біте алмаса, оны бірнеше бөлікке бөліп, әр 15 минут сайын көзге үзіліс жасап отыру қажет. Күніне 1,5-3,0 сағатқа дейін теледидар көруге болады, бірақ үзіліссіз 1,5 сағат (бір фильм) көру қажет.
Жарықтандыру да рөлі жоғары. Жұмыс үстелі терезеге жақын жерде, жарық кітапқа кедергісіз түсетіндей орналасуы қажет. Жарықты жұмыс істеп отырған қолға қарсы жақтан түсуі, яғни оң қолмен жазатындарға сол жақтан, сол қолмен жазатындарға оң жақтан түскені дұрыс. Жұмыс орынын жасанды жарықтандыру бірдей және жарықтың күшіне қарай жеткілікті болуы қажет.
Көздің көруін жақсартуға арналған жаттығулар кешені
1. Көз алмасын жоғары-төмен тігінен қозғалту.
2. Көзді оңға-солға көлденеңінен қозғалту.
3. Көзді сағат тіліне қарай және қарама-қарсы бағытта айналдыру.
4. Көзді қиғаштап, сол жаққа төменгі бұрышына, содан кейін тігінен жоғары бұрышына қозғалту. Тура солай қарама-қарсы бағытта қозғалту.
 5. Ақырын көзбен демнің ырғағымен «сегіздің» суретін кеңістікке көлденеңінен, тігінен, қиғашынан салыңдар.
1-5 жаттығуларды көзді ашық және жабық күйінде де жасауға болады.
6. Көзді мұрынның ұшына алып келеміз. Ол үшін кеңсірікке саусақты қойып, соған қараңыз, көз ақырын «қылиланады».
7. көздің деңгейіне дейін созылған оң қолдың үлкен саусағына 5-6 секунд қарап тұрыңыз. Қолды ақырын оңға қарай жылжытып, басты бұрмай, көзбен саусақты бақылаңыз. Тура солай сол қолмен істеңіз.
Жаттығуды әр бағытта 5-7 рет орындаңыз.
8. Көзді тез жұмып-ашу.
9. Көзді қаттырақ жұмып, терең дем алыңыз. Мойынның, беттің және бастың бұлшықеттерін ширатыңыз. 2-3 секунд демді ұстап тұрып, одан кейін көзді 3-5 секундта тез ашыңыз.
  1. 1-2 минут бойы көзді жыпылықтатыңыз.
Г. Жаналиева,
ЖШС «Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» Сырдария ауданы бойынша маманы.
25 мамыр 2019 ж. 2 830 0