Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сүліктің емдік қасиеті

Сүліктің емдік қасиеті

Сүлікпен емдеу әдісі көптеген жылдар бойына қолданылып келеді. Бұл жәндікті ем ретінде б.з.д. 2 ғасырда пайдалғандығы жайлы жазылған. Мұндай емді гирудотерапия деп атаған. Бұл термин латын тілінің "hirudina" деген сөзінен аударылғанда "сүлік" дегенді білдіреді. Қазіргі таңда сүліктердің 400-ге тарта түрі бар. Алайда олардың ішіндегі медицина сүлігі ғана емге пайдаланылады. Сүлікпен емдеу тәсілі заманауи емдеу тәсілдерінің ішінде бірінші деңгейден орын алады. Оның адам ағзасына әсері барлық деңгейде көрінеді. Мәселен, рухани, жігерлілік, психологиялық, физиологиялық, биохимиялық т.б. Назарларыңызға сүліктің емдік қасиеті жөнінде ақпарат ұсынамыз.

Мамандардың анықтауынша, адамнан қан алу қандағы плазма құрамындағы лимфоциттердің мөлшерін өзгертеді. Ал сүлік сілекейінде 40-қа жуық ферменттер бар. Бұл ферменттер адам ағзасындағы қанның, жасушалардың, лимфалардың микроцеркуляциясын жақсартып, қалпына келтіреді. Нәтижесінде қан қысымы бір қалыпқа түсіп, мүшелердің ісуі басылып, аурулар басылып, ишемия дерті емделеді. Ең бастысы адам ағзасындағы барлық қан айналым жүйесінің жұмысы қалыпқа түседі. Ем қабылдау сүйек, бұлшық еттер және буындарға оң әсерін тигізеді. Сүлікпен емдеудің арқасында қанның ұйығаны тарқап, зарарсыз ісіктер жазылып, иммунитет көтеріліп, зат алмасу процесі жақсарады. Сонымен қатар бұл жәндікпен емдеу адам ағзасындағы энергетиканы қалыпқа түсіріп, көңіл-күйді көтеріп, ашушаңдықты басып, күйзелістен шығарып, ішкі қорқынышты басады. Жұмысқа деген қабілеттілігін ашып, жыныс жолдарының жұмысын жақсартады.

Сүлік сілекейі құрамында адам ағзасына пайдалы көптеген элементтер бар. Яғни сілекейі қанға микроцеркуляцияны арттырып, нәтижесінде ткандарды оттекпен және пайдалы элементтермен толықтырады. Сүлікпен ем қабылдау физиологиялық және психологиялық көзқарас тұрғысынан қарасаң өте нәтижелі. Себебі олар табиғи, ауыртпайтын тірі ине болып табылады. Олар денеге жабысып шаққаннан кейін бірден ауыртпайтын фермент бөледі де ем барысында оның қадалып, жабысып тұрғандығы білінбейді. Шаққан жеріндегі тамырлар кеңейіп қан ағады. Ем барысында сүліктер бірден қанды ағызып, бірде қан құрамына түрлі ферменттерді бөліп жіберіп отырады. Медициналық сүліктер тек қана емдік ғана емес, сонымен қатар ағзаны жасартатын қасиетке ие. Сол себепті оларды косметологияда өте жиі қолданады. 

Сүліктің әйел ағзасына әсері өте тиімді. Ол қанды сору кезінде күшті рефлекторлық ықпал жасап, нәтижесінде кіші жамбастағы (малый таз) қабыну және іркілу процесін тоқтатады. Жатырдың қабынбалы және созылмалы дерттерін емдеп, мастит, миома, мастопатия дерттеріне шипа. Сүлікті арнайы медициналық фабрикаларда өсіріп, таратады.

Ескерту

1. Медициналық сүліктің нәтижелі болу үшін дененің биологиялық белсенділігі жақсы жерлеріне қою керек.

2. Бір емге пайдаланылған сүліктерді келесі емге қолдануға болмайды. Сондықтан оларды өлтіріп тастайды.

3. Сүлікпен ем қабылдаған соң, 1-2 тәулік суға түсуге болмайды.

4. Төрттен көп сүлік пайдаланып ем қабылдаған жағдайда емделуші 1-2 күн төсек режимін сақтауы керек.

massaget.kz

10 мамыр 2019 ж. 1 272 0