АЯҚ ҚАЖАЛҒАНДА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Қажалу денсаулыққа өте қауіпті болмағанымен, жанды мазалап, ыңғайсыздық тудырады. Қажалу (мозоль) — үйкеліс пен қысым нәтижесінде пайда болатын терідегі қалыңдаған түзіліс. Көп жағдайда қажалу қолда – физикалық жұмыстан соң, ал аяқта – ыңғайсыз және тар аяқ киім кигеннен шығады. Олар ылғал және құрғақ қажалу деп бөлінеді. Ылғал қажалулар әдетте өздігінен екі-үш күннен соң кетіп қалады. Ал құрғақ қажалуларды емдеу үшін халықтық құралдарды немесе медициналық дәрі-дәрмектерді қолданады.
Сарымсақ
3-4 сарымсақ бөлігін езіп, оны зәйтүн майымен араластырыңыз. Ұйықтар алдында дайын қоспаны зақымдалған жерге жағыңыз. Ыңғайлы болу үшін сыртынан дәкемен орап қоюға болады. 3-5 күн өткен соң, қажалу жұмсарып, теріден жеңіл түсіп қалады.
Ақ сіркесу
Мақтаны сірке суына малып, терінің зақымдалған жеріне басып, сыртынан дәкемен 2-3 сағатқа байлап қойыңыз. Қажалудың ауырғаны кеткенше, осы әдісті бірнеше рет қайталаңыз. Ауырғаны кеткен соң, оны педикюрге арналған құралмен жеңіл алып тастауға болады.
Түймедақ
4 ас қасық түймедаққа (дәріханаларда сатылады) 1 литр қайнаған су құямыз. Түймедақты суда 4-5 сағат ұстаймыз. Суды легенге құйып алып, аяғыңызды салыңыз. Осы әдісті күніне бір реттен 6-7 күн шамасында қайталаңыз.
Пияз
Орташа пиязды бөліктерге бөліп, сол бөліктермен зақымдалған теріні уқалаңыз. Бұл әдісті 3-5 күн қатарынан ұйықтар алдында қайталаған жөн.
Лимон
Кешкісін лимон бөлігін қажалған жердің үстіне қойып, сыртынан дәкемен орап, түнге қалдыру керек. 2 күн өткен соң, жеңілдікті сезінесіз, ал 4-5 күннен кейін мүйізгекті (мозоль) алып тастауға болады.
Қызанақ
Қызанақ – қажалуды емдейтін қарапайым және тиімді құрал. 1 қызанақты үккіштен өткізіп, ыдысқа құйып, 5 минут шамасында аздап буға қыздырыңыз. Дайын сұйық ботқаны дәкенің үстіне жағып, зақымдалған теріге қойып, сыртынан пакетпен орап тастаңыз. Бұл әдіс қауіпсіз, сондықтан оны күніне екі реттен екі апта қатарынан жасауға болады. Егер қызанақ ботқасын дайындауға уақытыңыз мүлдем болмаса, зақымдалған теріге қызанақ бөлігін де басуға болады. Алайда оны екі сағат сайын ауыстырып тұру қажет.