Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » КVІІІЛИН ЕСІМДІ ҚЫЗ...

КVІІІЛИН ЕСІМДІ ҚЫЗ...

Шыр етіп дүниеге келген сәбиге кім қандай ат қоямын десе де өз еркі. Бірақ, баласының болашағын ойлаған ата-ана оған міндетті түрде жақсы ат қоюға тырысатыны белгілі. Батыр болсын деп батырдың есімін, «әдемі болсын» деп гүлдердің атын, мейірімді, қамқор, биік лауазымды қызмет атқарсын деп, тіпті өзі ұнатқан қала құрметіне де есім бергендер болған.
Енді мына қызыққа қараңыз. Австралиялық әйел өз қызына Кэйтлин деген есім бергенді жөн деп табады. Бірақ, бұл елде мұндай есім өте кең таралғандықтан есімнің ерекше болғанын қалайды. Бір күні қыздың әкесі ерекше шешім қабылдайды. «Эйт» сөзі ағылшын тілінде «сегіз» санын білдіреді. Осы сөзді латын санымен ауыстырған. Нәтижесінде қызды КVІІІ лин деп атаған. Сөйтіп, Кэйтлиннің ата-анасы қыздың ерекше есімі жайлы жергілікті баспасөзге мақтанышпен айтып, сұхбат берген.
Әрине, қазақ халқында да түрлі-түрлі есімдер бар. Бірақ, сол есім болашақта ұлыңыздың не қызыңыздың болашағына кедергі болмасын деп тілейміз. Әйтпесе Усамабенладен, Байдібакспо, Олимпиада, Аргентина Жәнібек, Дипломбек, Фейсбук, Твиттерлермен қатар Бугер-Кинг деген тағам аттары, Терминатор, Джеймс Бонд секілді аттардан аяқ алып жүре алмай қаларымыз анық.

С.ИБРАГИМ
21 сәуір 2019 ж. 1 216 0