Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » "ОҢ АЯҚ ,СОЛ АЯҚ": Қыдырәлі Болманов шұлық шығарумен айналыса бастады

"ОҢ АЯҚ ,СОЛ АЯҚ": Қыдырәлі Болманов шұлық шығарумен айналыса бастады

Отандық өнімді қолдайтын жұлдызды жұп тағы жаңа кәсіп ашты.

Бірнеше кәсіптің басын біріктірген әнші Қыдырәлі Болманов енді аяққа киетін креативті шұлықтар шығаруды қолға алды, деп жазады ERNUR.KZ. Бұл туралы жұбайы Қарақат Әбілдина өзінің инстаграм парақшасының тарихына салды. Жұлдызды жұптың пікірінше, бастамалары жәй емес, балалардың түстерді анықтауға, оңы мен солын танытуға үйрететін креативті шұлықтар.

"Қарақат" мектеп студиясында қызу жұмыс. Мектептің жанында bal-bala компаниясы бізбен бірге. Қыдекеңнің жаңа тауарлары жетіп мәз болып тұр. "Оң аяқ, сол аяқ, анау-мынау деген сөздері бар. Жаңа креатив енгізгенбіз. Бала оң аяғын сол аяғын тез тану үшін, түстерді ажырату үшін. Спортқа, сабаққа, күнделікті киюге де арналғандары бар. Жақында сіздерді қуантатын боламыз", - деді Қарақат ханым бейнежазбада.

Айта кетейік, өнерде жұптары жарасқан қос әншінің отбасылық кәсіптері тек отандық өнімдер. Осыған дейін қазақша сөйлейтін балалар ойыншықтарын сатылымға шығарған болатын. Ал, жаңа өнімдерінің алғашқысын өз балаларына кигізуден бастапты. Күні кеше Bal-bala шұлығын киген кенжелері Аяланың суретін жариялаған болатын.


19 сәуір 2019 ж. 1 069 0