Ақ шаш көбеймес үшін...
Ақ шаштың пайда болуынан "құтыла алмаймыз", тіпті, жақсы күтімдегі әдемі шаштың өзі жас ұлғая келе ақ түске бояла бастайды. Бірақ әлі жас болсаңыз да, шашыңыз ағара бастаса, не істеу керек? Ақ шаштан арылудың немесе оны жасырудың бірнеше әдістері бар: салондық процедуралар, бояу немесе табиғи әдістер арқылы күресу.
Ақ шаш ұлғайған жастың белгісі болып саналады. Бұрын ақ шаш 50-ге жақындаған адамдарда байқалатын болған. Бұл жаста бояғыш пигментін жоғалту қалыпты жағдай болып табылады, себебі ағзада қартаюының табиғи процестері жүреді. Ал соңғы жылдары әйелдер мен еркектердің көпшілігі алғашқы ақ шашын 30-ға жетпей көреді.
Егер бір ақ шашты жұлса, ақ шаш көбейіп кетеді деген пікір бар. Бұл – аңыз. Жұлынған ақ шаштың орнына шыққан шаш ақ болады, бірақ ол оның санына әсер етпейді. Бірақ ақ шашты сонда да жұлмаған жөн, ол шаш түйінін зақымдап, қабыну процестеріне немесе басқа да бас терісі проблемаларына әкелуі мүмкін. Егер бір ақ шашты көріп қалып, жұлғыңыз келіп кетсе, қайшымен түбінен қиып тастаңыз.
Шаш ағаруының негізгі 7 себебі
Шаш түсіне меланин деп аталатын зат жауап береді. Ол жеткілікті мөлшерде өңделмесе, ақ шаш пайда бола бастайды. Ақ шаштың пайда болуына көптеген факторлар әсер етеді, соның ішінде кең тараған 7 себебін ұсынамыз:
1. Жас ерекшелігі.
Ол ақ шаш пайда болуының ең кең тараған себебі. Ағза қартаяды: меланоциттер пигментті аз бөледі.
2. Генетика.
Тұқым қуалаушы факторға көп нәрсе байланысты, соның ішінде ақ шаштың қаншалықты ерте пайда болуының да қатысы бар.
3. Күйзеліс.
Уайымдау, депрессия – оның барлығы ағзаға және шашқа әсер етпей қоймайды. Күйзеліс кезінде қанның микроайналымы нашарлайды, қан тамырлардағы оттек мөлшері азаяды, соның себебінен бас терісі қиналып, ақ шаштар пайда болады.
4. Дәрумен жетіспеушілігі.
Дәрумен жетіспеушілігі шаш жағдайына әсер етеді: олар өмірлік күшін жоғалтады, сынғыш бола түседі. Ағзаға В12 дәрумені жетіспесе, ақ шаш белсенді түрде пайда бола бастайды.
5. Ауру.
Ақ шаштың ерте пайда болуы денсаулығыңызды тексертуге жетелеуі керек. Анемия, бүйрек, жүрек, қалқанша без, асқазан-ішек жолы аурулары бар адамдардың шаштары ерте ауырады.
6. Жиі бояу.
Шашты дұрыс бояу қажет. Органикалық бояу алу керек, әйтпесе, бояуды жуған кезде жағымсыз тосынсый күтіп тұруы, яғни ақ шаш пайда болуы мүмкін. Бас терісіне негативті әсер ететін химиялық компонеттер бар, соның әсерінен шаш түйіні пигментін жоғалтады. Агрессивті бояуларды жиі қолдансаңыз, ақ шаштың саны өсе береді.
7. Суық.
Суық мерзімде бас киім кимеу ақ шаш пайда болуына ықпал етеді. Суықтан бас терісі микроайналымы бұзылады.
Ақ шаш көбеймеуіне көмектесетін маскалар
Ақ шашты үйден табиғи ингредиенттерден жасалған маскалардың көмегімен емдеуге болады. Бұл мәселемен күресуде майсана майы, коньяк, пияз, сарымсақ, бал тиімді көмектеседі. Маскалардың табиғи құрамы шашты жас күйінде сақтайды, ақ шаш көбеюін тоқтатады, шашты сау әрі әдемі етеді.
Ақ шашты емдеуге арналған 4 рецепт ұсынамыз.
Майсана майынан жасалатын маска.
Маска қан айналымның жылдамдауына және нағыз теріден токсиндерді шығаруға ықпал етеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін масканы аптасына бір рет бір ай бойы жағу керек.
Қажетті заттар:
- 15 мл майсана майы;
- 5 тамшы бергамот эфир майы;
- 20 мл жасыл шай.
Дайындау жолы:
Барлығын араластырып, оны бас терісіне жағып, алдымен пакетпен, содан соң жылы сүлгімен орап қойыңыз. Бір сағаттан соң жуып тастаңыз.
Балдан жасалатын маска.
Ол бастың нағыз терісін әлдендіреді, меланин өңделуіне ықпал етеді.
Қажетті заттар:
- 25 г бал;
- 20 г алоэ шырыны;
- В2 дәруменінің екі ампуласы.
Дайындау жолы:
Барлық ингредиенттерді араластырып, бас терісіне уқалай отырып жағамыз. 30 минуттан соң масканы жуып тастаймыз.
Құрамында балы бар маскалар аллергиялық реакция беруі мүмкін, сондықтан оны қолданбас бұрын теріңіз оған қалай әсер ететінін тексеріп алыңыз. Оны құлақтың артына жағып, 5 минут ұстап тексеруге болады.
Сарымсақтан жасалатын маска.
Ол шашты ұзындығы бойынша бекітеді, шаш түсу проблемасын шешуге көмектеседі, шаш түйінінде пигмент бөлінуіне ықпал етеді.
Қажетті заттар:
- 3 сарымсақ;
- 5 г даршын;
- 20 мл ошаған майы.
Дайындау жолы:
Сарымсақты езіп, қалған ингредиенттермен араластырыңыз. Масканы бас терісіне жағып, пакетпен орап тастаңыз. 1 сағаттан соң оны жуып тастаңыз. Сарымсақтың иісі шықпас үшін шаятын суыңызға лимон суын тамызыңыз.
Коньяктан жасалатын маска.
Ол құрғақ шашқа жақсы келеді. Бұл маска шашты қоректендіріп, жақсы қатайтады. Оны уақытылы қолдану пигмент бұзылуына қарсы тұрады.
Қажетті заттар:
- 25 мл коньяк;
- 1 жұмыртқаның сарысы;
- 1 ас қасық зәйтүн майы.
Дайындау жолы:
Барлығын араластырып, масканың жартысын бас терісіне, қалған жартысын шаш ұзындығына жағыңыз. Шашыңызды полиэтилен пакетпен орап, 40 минут ұстаңыз. Коньяк қосылған масканы сары шашты қыздарға қолдану ұсынылмайды. Себебі ол шашты қоюлау түске бояйды.
massaget.kz