Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҮЙ КҮТІМІНЕ АРНАЛҒАН ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

ҮЙ КҮТІМІНЕ АРНАЛҒАН ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Майлы бояумен сырланған есіктер мен терезе жақтаулары 1 л суға 1 шай қасық мүсәтір спирті қосылған жылы сумен сабындамай жуылады. 

• Терезе жақтауларын қысқа жылылау үшін саңылауларға шприцпен сұйық парафин құйыңыз. Парафин мен шприц ыстық суда қыздырылады. 
• Терезедегі қырауды кетіру үшін 1 стакан суға 2 ас қасық ас тұзы салынған ерітіндімен жуыңыз. 

• Терезеге қырау тұрмас үшін шынысын глицерин мен спирт ерітіндісімен (1:10) сүртіп қойыңыз. 
• Қатты кірлеген терезе шынысын жууға арналған ерітінділер: 1 л суға 1 ас қасық крахмал; 1 л жылы суға 2 ас қасық сіркесу; 1:10 мүсәтір спирті мен бор қосылған су. Жуғаннан кейін жұмсақ шүберекпен құрғатылып, қағазбен сүртіледі. 
• Шыны сүртілгеннен кейін 30 г су, 70 г глицерин және бірнеше тамшы мүсәтір спирті ерітіндісімен сүртіліп алынса, ұзақ уақыт кірлемейді. 
• Терезені ыстық немесе жел күндері жумаңыз, шынысы тез кеуіп, айғыз болып қалады. 
• Ағаш еденді жуғанда суға сіркесу қосып жіберсеңіз, жылтырап тұрады. 
• Сырланбаған ағаш еденді 3 бөлік құм мен 1 бөлік ізбес қоспасымен ағартуға болады. 
• Линолеум еденді кір жуатын ұнтақпен, ыстық сумен жумаңыз. 
• Сабынды су ерітіндісімен жуу керек. 
• Үш айда бір рет линолеумге олифа жағып, жұмсақ шүберекпен сүртіп алып отырыңыз. 
• Линолеумдегі майлы дақтарды бензинмен немесе скипидармен кетіреді. 
• Паркет едендегі май дағына кір жуатын ұнтақты ылғалдап жағып қояды да, жарты күннен кейін ысқылап тазалап тастайды. 
• Битум негізіне салынған паркетті скипидар мастикасымен сүртпеңіз, қарайып кетеді. Ол үшін су мастикалырын қолданыңыз. 
• Майлы бояумен салынған картиналарды сүтпен немесе жарты пияз бөлігімен сүртіп алып, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. 
• Картиналардың алтындалған рамасын пиязбен сүртіп, жұмсақ шүберекпен ысқылап жылтыратуға болады. 
• Жиһазды кір жуатын ұнтақ ерітіндісімен жумаңыз. Сабын ерітіндісі қолданылады. 
• Жұмсақ жиһаздың шаңын ылғал жайма арқылы қағып алыңыз. 
• Жиһаздың металл фурнитуасын түссіз лакпен лактап қойыңыз. 
• Былғарымен тысталған жиһазды бензинмен тазалап, жұмыртқаның сары уызымен сүртіп қояды. Немесе бірнеше тамшы сіркесу қосылған сумен сүртеді. 
• Үстел тартпалары ауыр қозғалса, жылжытқыш бөлігіне парафин немесе сабын жағып қойыңыз. 
• Ауыр жихазды жылжытарда астына жүн мата салып жіберсеңіз, еденді сызбайды. 
• Ас үй табуреткаларының аяқтарының астына резеңке таған қағып қойыңыз. 
• Сервант қақпақтарының шынылары ауыр қозғалса, жылжыту ойығын вазелинмен майлап жіберіңіз. 
• Ағаш керует сықырламас үшін, жалғастыру жіктерін матамен қаптаңыз. 
• Лакталған жиһаздағы майлы дақты өсімдік майымен сүртіп, 2-3 сағаттан кейін ысқылап тазартуға болады. 
• Жихаздағы көгерген дақтарды бензинмен кетіреді. 
• Лакталған жиһаз бетіндегі сулы стакандардан қалған ізді грек жаңғағы оңай кетіреді. 
• Лакталған жиһаздағы су іздерін ұнмен сүртіп, жұмсақ шүберекті өсімдік майына батырып алып, жылтыратуға болады. 
• Жихаз ылғалдан ісініп кетсе, бізбен тесіп, шприц көмегімен желім құйыңыз да, қалың қағаз арқылы үтіктеп жіберіңіз. 
• Қоңырқай жихаздардағы сызылған іздерді аяқ киім кремімен кетіруге болады. 
• Жихаздағы жарылған сызаттарды балауыздың көмегімен білдірмей жасырып қоюға болады. 
• Емен, жаңғақ, қызыл ағаш жиһаздарындағы сызаттарды йод жағу арқылы жасырып қояды. 
• Металл бетті сырлар алдында, сіркесумен сүртіп алсаңыз, бояу жақсы қонады. 
• Керуерт торы созылып кетсе, серіппелерін әр жерінен сым сақиналармен тартып қойыңыз. 
• Пүлішпен қапталған жиһазды шаңсорғышпен тазаламайды, түгінің бағытымен ылғал шүберекпен сүртіп алады. 
• Жаңа сыпырғышты екі сағаттай тұзды ыстық суға салып қойса, ұзақ уақыт қызмет етеді. Оның сабына элластикалық бинт кигізіп қойыңыз. 
• Шөткенің қылдары түсе бастаса, түбіне "Момент" желімін тамызып жіберіңіз. 
• Жуылатын тұсқағаздарды ылғал губкамен сүртіп алады. 
• Ваннадағы айна терлемес үшін 50 мг суға 1 ас қасық желатин қосылған ерітіндімен сүртіп алыңыз. 
• Сабын қалдықтарын 1 л банкаға жинап, 1 ас қасық ас содасын салып, ыстық суға езіп қойсаңыз, ванна тазалайтын паста аласыз. 
• Жылу батареяларының арасын тазалау үшін шаңсорғышқа ыдыс жуатын ершикті жалғап алыңыз. 
• Шаңсорғыш сүзгіші таза болуы үшін, қағаз майлық салып жіберіңіз. 
• Люстраны жуарда астына су құйылған леген қойып қойыңыз. Егер шамдалдың бір бөлігі байқамай құлап кетсе, суға түсіп, сынбайды. 
• Кілем үстіне кешкілікте ұсақ тұз сеуіп тастап, ертеңіне ылғал шүберекпен сүртіп алсаңыз, түсі ашыла түседі. 
• Сіркесу қосылған суға батырылған шүберекпен кілемді тазаласаңыз, түсі ашыла түседі. 
• Кілем түгі майысып, із қалып ойса, сол жерді қатты булап, сыртынан үтікпен кептіріңіз. 
• Перделерде әдемі ірі бүктемелер болу үшін ені терезе енінен бір жарым есе үлкен болуы керек. 
• Карниз бөлме енімен бірдей болса, терезе кеңірек көрінеді. 
• Айнаны адам біркелкі жарықтанатын жерге ілу керек. Айнаға үнемі тікелей күн көзі түсетін болса, күңгірттеніп кетеді. 
• Айнаны терезе шынысын тазалайтын әдіспен тазалайды. Айнаны ылғал жерден аулақ ұстаңыз. 
• Кілем шеттеріне астынан БФ-6 желімімен ені 20 мм таспа жапсырып қойсаңыз, шеттері түтілмейді және қайырылып кетпейді.

11 сәуір 2019 ж. 1 013 0