Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АЛДАҒЫ УАҚЫТТА КӘСІБІМДІ КЕҢЕЙТКІМ КЕЛЕДІ

АЛДАҒЫ УАҚЫТТА КӘСІБІМДІ КЕҢЕЙТКІМ КЕЛЕДІ

Мен Қызылорда қаласындағы И.Әбдікәрімов атын­дағы агро-техникалық колледжінің мал дәрігері ма­мандығын оқып бітірдім. Қармақшы ауданының қызымын. Осы ауданға келін болып түстім. Ауданға келіп байқағаным, ветеринариялық дәріхананың жоқ екен­дігі. Өзім оқыған саланы дамыту үшін осы істі қолға алдым. Өз қаражатыммен малға қажетті дәрі-дәрмектер алып, аудан орталығынан кішігірім дәріхана аштым. Қазіргі таңда дәрілердің 30-дан аса түрін арнайы Алматы, Шымкент қаласынан жеткізуге жағдай жасап отырмын. Алдағы уақытта осы кәсіпті кеңейткім келеді.
Елімізде кәсіпкерлікті дамыту бағытында түрлі бағдарламалар іске асырылып келеді. Облыс әкімі 2018 жылды «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жариялады. Менің ұсынған тың идеям іске асып, облыс әкімінің қатысуымен өткен жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылының қорытындысы бойынша 1 млн. сыйақы алған үздік кәсіпкерлер қатарына кірдім.
Осы ортада отырғандардың көбісі белсенді жас­тар екенін көріп тұрмын. Демек, біздің ауданымыз өз кәсібін ашуда биік белестерді бағындырары сөзсіз. Елбасымыздың ауыл жастарына берілген үлкен мүмкіндікті дұрыс пайдалана білгеніміз жөн! Олай болса биылғы жыл жастар үшін табысты болсын.
Дана Алашбаева,
жас кәсіпкер:
26 ақпан 2019 ж. 664 0