Төгілген әтір иісінен қалай құтыламыз?

Егер бір құты әтір еденге төгілсе...
- Әтірді құрғақ шүберекпен сүртіп алыңыз. Құрғақ шүберек сұйықтықты өзіне сіңіріп алады;
- Су мен сірке суын 1:1 қатынаста араластырыңыз. Оған таза шүберекті сулап, онымен ластанған жерді сүртіңіз. Сол кезде әтір иісі аздап басылады;
- Содан соң әтір төгілген жерге ас содасын сеуіп, 10 минутқа қалдырыңыз. Оны ылғал шүберекпен жинап алыңыз. Ас содасы әтір қалдығын кетіріп, иісті азайтады;
- Әтір төгілген бөлмеге ұнтақталған кофе салынған кесе әкеліп қойыңыз. Кофе кез келген иісті өзіне сіңіріп алады. Бірнеше күннен соң әтір иісі толықтай кетеді. Егер бір құты әтір кілемге төгілсе...
- Әтірді түктің ыңғайына қарай сүртпеңіз, оның орнына таза шүберекпен сұйықтықты сіңіріп алуға тырысыңыз;
- Түкке бүріккішпен (пульверизатор) сірке суы ерітіндісін шашып, 30 минутқа қалдырыңыз. Содан соң ылғал шүберекпен сүртіп алыңыз;
- 1 стақан суға 1 шай қасық ыдыс жууға арналған сұйықтықты ерітіңіз. Бұл қоспаны бүріккіштің көмегімен кілемге шашыңыз. Кілемнің әтір төгілген жерін суық сумен жуып, таза құрғақ шүберекпен немесе қағаз майлықпен құрғатыңыз.
- Егер әтір иісі кетіп болмаса, кілемге ас содасын сеуіп, түнге қалдырыңыз. Ал таңертең оны шаңсорғышпен сорып алыңыз.
massaget.kz