Баланың салған суреті – бүкіл отбасының психологиясы

Балаңыз сурет салып жатқанда, оны түзетуге не көмектесуге талпынбаңыз. Тек отбасы мүшелерін қандай ретпен салып жатқанын сырттай бақылап тұрыңыз. Сурет дайын болғанда, балаңыздан оның кейіпкерлерінің есімдерін сұраңыз.




✅ Түсі бойынша. Бала өзі жақсы көретіннің бәрін жылы түстерге бояйды. Ерекше жақындығын ол ашық түстермен жеткізеді. Егер кімде-кімнің киімін көк түске бояса, демек сол адамның жанында бала өзін жайлы сезінеді. Егер жасыл түске бояса, ол кісіні бала құрметтейді және өзі үшін маңыздылығын білдіреді. Сары түс – ырықсыздық, қызыл – агрессия, қара түс – туысқандардың бірін қабылдамайтындығын білдіреді.
✅ Дене мүшелері бойынша. Егер бет-әлпетін анық салған болса, бұл ата-анасына деген махаббатын, олардың өзі үшін маңыздылығын білдіреді. Егер суреттің авторы өзінің бет-әлпетін айқындай түссе, өзінің келбетімен тамсаныс, сыртқы көрінісіне ерекше назар аударғандығы. Алайда 4 жасқа дейін мұндай суреттердің болуы қалыпты. Егер ата-анасының бірінің аузын үлкен етіп салса, демек, ол кісі балаға көбірек ескертулер жасауы мүмкін. Егер аузы мүлде жоқ болса немесе тым кіші болса, бұл кейіпкер өмірде өз сезімдерін көрсетпейді. Егер тістердің суреті салынса, бұл агрессияны блідіреді. Үлкен көзді кейіпкерлер әлденеден қорқады, ал кішкентай көзбен бір нәрсені жасырады. Ұзын қолдар, не олардың мүлдем жоқ болуы – адамның қатал екенін әрі балаға қысым көрсететінін білдіреді. Қысқа қолдар – ішкі әлсіздікті білдіреді. Ал егер бала суретте қолдарын көтеріп тұрса, оған көңіл бөлінбейді және ол өзіне назар аударғысы келеді.
Балаңыз отбасылық қарым-қатынастағы осал тұстарды тауып қана қоймай, олардан құтылуға көмектесе алады. Егер оның салған суретінен ештеңе айыра алмай, әбден шатассаңыз, таза параққа оның «Мен қалайтын жанұя» тақырыбына сурет салуын сұраңыз. Сонда суреттен отбасының әрбір мүшесінің бақытты болуына не жетіспейтіндігін көресіз.