Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » КИЕЛІ ЖЕТІЛІК АТАУЛАР

КИЕЛІ ЖЕТІЛІК АТАУЛАР


Математиканың ең негізгі ұғымдарының бірі – /1,2,3,4,5,6,7,... .../ натурал сандар. Олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттері, тіпті тарихы да бар. Соның ішінде оқырмандардың қаперінде жүйрсін дей отырып 7 санының кейбір қырлары мен сырларына тоқталмақпыз. 
Жеті күн – дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. 
Жеті қарақшы – аспанның солтүстік жарты шарындағы шоқ жұлдыз. Жеті қарақшының 7 жарық жұлдызының сыртқы пішіні шөмішке ұқсайды. Темірқазық - осы шөміштің сабындағы соңғы және ең жарық жұлдыз. Жеті қарақшының ең жақсы көретін мезгілдері - наурыз, сәуір айлары. 

Жетісу - Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығыс бөлігін қамтитын тарихи-географиялық аймақ. Тарихи деректемелер мен зерттеулерде Жетісу атын құрайтын 7 өзен туралы түрліше болжам бар /Қазақ Совет энциклопедиясы, 4 т. 430 - бет/. Кейінгі болжам бойынша Жетісудың 7 өзеніне мыналарды жатқызады: Ақсу, Қаратал, Көксу, Лепсі, Іле, Шу, Тентек. 
Жеті ру – Кіші жүз құрамындағы тайпа: Кердері, Тілеу, Жағалбайлы, Рамазан, Табын, Тама жєне Керейіт рулары. 
Жеті ата – әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат. 
Жеті қазына – Грек аңызды бойынша оған мыналарды жатқызамыз: Күн, Жер, Ай, Аспан, Су, От, Ит. Жеті қазынаға байланысты аңыздар көп. 

Жеті ғашық – Лєйлі-Мәжнүн, Жүсіп-Зылика, Фархад-Шырын, Таһир-Зуһра, Ару-Қамбар, Уәлік-Фәррат, Әни-Күлшәт. 
Жеті амал – Күннің тоқырауы, қарашаның қайтуы, үркердің батуы, мұздың қатуы, киіктің матауы, қыс тоқсан, Ай тоғысуы. 
Жеті қат көктегі 7 саны «жеті жұлдызға» сәйкес келеді. Шығыс астрономиясы оларға Ай, Меркурий, Шолпан, Күн, Марс, Юпитер, Сатурнды жатқызады. 
Жеті жетім - тыңдамаған сөз жетім, киюсіз тозған тон жетім, иесіз қалған жер жетім, басшысы жоқ ел жетім, аққу-қазсыз көл жетім, елінен айрылған ер жетім, замандасы қалмаған қарт жетім. 
Жеті ырыс – адамның ақыл-ой мен сана-сезімі, денсаулық, ақ жаулық, бала, көңіл, жер, ит. 
Жеті жұт ағайынды – құрғақшылық, оба, мал жұтауы, өрт, соғыс, сел, жер сілкінісі. 

Әлемдегі жеті керемет – Мысыр пирамидалары, Галикернас сағанасы, 
Родос алыбы, Александрия шамырағы, Эфестегі Диена ғибадатханасы, Олимпиядағы Зевс мүсіні, Семирамиданың аспалы бағы. 
Жеті жарғы – XVIII ғасырдың басында Тәуке хан тұсындағы жазылған қазақтың әдет-құқықтық жинағы. Онда жер дауы, күң дауы, жан дауы, жесір дауы, мүлік дауы және хандық пен билік мәселелері қамтылған. 

Жетіген – қазақтың байырғы шертпелі музыка аспабы. Ертедегі нүсқасы тұтас ағаштан астау тәрізді ойылып жасалған. Бетінде 7 қыл шегі бар. Содан жетіген аталған. 
Имандағы жеті парыз – Алланың барлығына, бірлігіне сену, иман келтіру, періштелеріне сену, пайғамбарларына сену, ахирет күніне сену, жақсылық пен жамандықтың тағдырын Алладан деп сену, өлгеннен кейін қайта тірілуге сену. 
Шығыстағы жеті жұлдыздар – Омар һаям, Низами, Жәми, Науаи, Фердауси, Сағди және Фзули. 

Жеті ғалам – 7 саны негізгі жеті бағытты білдірген. Олар - дүниенің төрт бұрышы: күн-шығыс, күн - батыс, түстік, терістік, аспан - жоғарғы ғалам, жер асты – төменгі ғалам. 
Нота жеті дыбыстан тұрады: до, ре, ми, фа, соль, ля, си. 
Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауидің кесенесіндегі тайқазан жеті түрлі металдан құйылған. 
7 санына байланысты жер бетінде жеті нәрсе жоқ деген ел аузынан таралған пікірлер бар: құста сүт жоқ, жылқыда өт жоқ, көлде көпір жоқ, тамда белбеу жоқ, аспанда тіреу жоқ, тауда саты жоқ, таста тамыр жоқ. 

Мұхаммед /с.ғ.с./ жетінші пайғамбар, жер асты жет қабат, жеті тамшы су бір грамм, қазанның жетісін береді, жеті нан құдайы таратады, наурыз көже жеті түрлі тағамнан жасалады және баланың тісі жеті жасында түсіп, сол жастан бастап мектепке бара бастайды. Мұсылман ғұрпында, түркі дүниесінде құдіретті әрі киелі саналатын жеті саны жөніндегі қысқаша пікір осылай.
23 желтоқсан 2018 ж. 1 260 2

Гость JeaOrer от 25 ақпан 2019 21:21
Rosuvastatin Cheap Zithromax Over The Counter india 4 pharmacy levitra cheap Want To Buy Amoxicilina Overseas Cvs Pharmacy Cialis Coupon Order Female Viagra

Гость JeaOrer от 14 наурыз 2019 12:29
Fluoxetine No Doctor Secure Priligy In Johor Venta De Viagra Zona Oeste viagra online Levaquin Medicine Without A Script Overseas Delivered On Saturday